Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту. Міндеттері


-слайд. "Тілалғыш бала" жаттығуы



бет3/9
Дата19.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#197656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сен жанбасаң лапылдап
Êóðñòû? Æ?ìûñ «?íä³ð³ñò³ê î?ûòóäû ?éûìäàñòûðó æ?íå àðíàéû ï?íäåð, Сабитова Акмарал ЖТД 703, 873949, 1686909142 2022-2023 оқу жылына арналған жас маманмен жүргізілетін тәлімгерлік жұмыс жоспары
4-слайд.
"Тілалғыш бала" жаттығуы
Сабаққа қатысқан ата-аналарды екі топқа бөлу. Топтарға олардың жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылады.
1-топ ата-аналарды қорғайды. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және оған өкінбеймін».
2- топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап".
Топта талқылау уақыты-5 минут.
әр топтан сөйлейтін спикердің уақыты-2 минут.


5-слайд .
Қалай ойлайсыз: бірінші жағдайда ата-аналардың кеңесі неге дұрыс және пайдалы болды, ал екінші жағдайда неге адам өміріне азап әкелді?







6-слайд.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! Абай
Абай «сен де бір кірпіш» деп, нені айтқысы келді?







7-слайд.
Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті баланың бойында қандай да бір қабілеттің барлығын білдіретін белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып табылады.







8-слайд.
Өзіңді көрсету – бойыңдағы қабілетті, дарынды сыртқа шығару. Өзіңді жан-жақты ашу, мүмкіндігіңді елге көрсету.







9-слайд.
Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма
«Менің балам– ол қандай?»
Таза қағазға үш баған сызып, бірінші бағанды «Темпераменті», екінші бағанды «Мүмкіндігі», үшінші бағанды «Мінез-құлқы» деп белгілеңіз.
Өз балаңыздың қандай екені туралы ойланып, тиісті бағанға жазыңыз.







10-слайд.
Мектеп бітіруші түлектер арасында ҰБТ бойынша негізгі пәнді таңдағанымен, әлі де қай мамандықты таңдарын білмей жүргені көп болар. Оқушылар мен ата-аналарға көмек ретінде белгілі психофизиолог, психология ғылымдарының докторы Е.А.Климовтың көпке көмегі тиген тәсілін ұсынамыз.
Баланың қабілет-қарымы, қызығушылығымен қатар, бұл тәсілге де жүгініп көру артық болмас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет