Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет11/14
Дата15.09.2017
өлшемі2,98 Mb.
#32634
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: Кеңес үкіметі билігінің орнауы

Сабақтық мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау.

  • Дамытушылық: тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту.

  • Тәрбиелік: отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекілік: Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы және баяндау жоспары алдын ала тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Алдымен сабаққа кіріспе ретінде оқушыларга жалпылама сұрақ қоямын.

Революция дегенді қалай түсінесіңдер?

Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың берген жауаптарын бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.

Осыдан кейін жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.



Сабақ жоспары:

1. Патшаның тақтан құлауы.

2. Кеңестердің билікке келуі.

3. Азамат соғысы.

Алдымен оқушыларға Ресейдегі император билігі туралы айтып беремін. Үлгісі:


    • Монархиялық жүйе.

    • Императорлар.

    • Император қоластындағы халықтың жағдайы.

- Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»).

Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын.






Уақыты

Сипаты

Нәтижесі

Акпан теңкерісі










Қазан төңкерісі










Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын.

Осыдан кейін алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін.



1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді.

Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті.



Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі. Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз.

Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады.



Оқулықпен жұмыс.

2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын.



Қорытынды кезең.:

Сабақты бекіту мақсатында көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын.

Сұрақтар:


  • Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр.

  • Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?

  • Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет.

  • Азамат соғысы дегеніміз не?

  • Кеңес өкіметі билікке қалай келді?

  • Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті?

Оқушылардың жауабын толықтырып отырамын немесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын.

Бұдан әрі тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.



Бағалау:

Үй тапсырмасы:

45-параграфты оқу.



5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §46. Алаш қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.

  • Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзкарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. алаш қайраткерлерінің суреттері.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеруді әңгімелесу түрінде өткіземін. Оқушыларды өткен тақырыпты пысықтау әрі үй тапсырмасын тексеру мақсатында әңгімеге тартамын. Онда әр түрлі проблемалық сұрақтарды қоямын.

Әңгімелесу мынадай бағытта өткізіледі:

- Император билігі, монархия.

- Халық қарсылығы.

- Төңкерістер.

- Кеңестер билігі.

- Азамат соғысы.

- Автономиялық және одақтас мемлекет.

Осы бағытпен оқушыларды әңгімеге қатыстыра отырып, үй тапсырмасын тексеріп шығамын. Көбірек жауап берген оқушыларды көтермелеп баға қойып отырамын.

Одан әрі өткен сабақты оқушыларды қатыстыра отырып қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазамын. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырамын.

Тақырыптың жоспары.

1. Алашорда үкіметі.

2. Алаш қайраткерлері.

Жоспардың бірінші бөлімі бойынша «алаш» сөзіне түсінік беремін. «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.

1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмүхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады.

Жоспардың екінші бөлімі бойынша оқулықты пайдалана отырып төмендегі кестені толтыртамыз.






Ө. Бөкейханов

А. Байтұрсынов

Туған жылы







Туған жері







Білім алуы







Қызметі







Қайтыс болған жылы







Осыдан кейін оқушылар арасында шағын әңгіме өткіземі. Онда негізінен Алаш қайраткерлерінің қызметіне баға беріп, бірлесе отырып олардың тарихта алатын орнын анықтаймызн

Оқушыларға тапсырма беріп Алаш қайраткерлері туралы сұрақ тапсырмалар жасатып, бір-біріне қойғызып өздеріне бағалатамыз.



Қорытынды кезең:

Сабақты бекіту мақсатында қойылатын мынадай жоспар құрып, алған білімдеріне шолу жасаймын.



Алаш және Алашорда:

  • Мақсаты.

  • Іс-әрекеті.

  • Қайраткерлері.

  • Бағдарламасы.

  • Тағдыры.

  • Тарихи маңызы.

Жоспар бойынша оқушылар арасында өзара пікір алысамыз. Проблемалық сұрақтар қойып оқушылардың білімін пысықтаймын. Соңында негізгі мәселеге тоқтала отырып, өткен тақырыпты жалпылама қорытындылап өтемін.

Бағалау:

Ү й тапсырмасы:

1. 46-параграфты оқу.

2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.

  • Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.

  • Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:


  • «Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.

  • Әлихан Бөкейханов туралы айт.

  • «Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?

  • А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?

  • «Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?

Бұдан әрі оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.

Соңында Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

Сабақ жоспары:

1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.

2. Қазақстан индустрияландыру жылдарында,

3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.



Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:

  • Өнеркәсіптегі хал.

  • Ауыл шаруашылығы.

  • Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:

  • Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.

  • Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.

  • Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:

  • Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

  • Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.

  • Күштеп ұжымдастыру.

  • Ұжымдастыру зардабы.

а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.

  • Ұжымдастыру саясатына қарсылық.

Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.

Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.



Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.



Топқа берілетін тапсырмалар.

I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.

Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.

Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.

II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.




Индустрияландыру

Ұжымдастыру

Уақыты







Пайдасы







Зардабы







Тарихи маңызы







Толтырылған кестені тексеріп шығамын.

Осыдан кейін үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.

1. Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.

2. Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б.



Қорытынды кезең:

Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.



Бағалау: Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §48. 1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы.

Сабақтыңмақсаты:

  • Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.

  • Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

  • Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Индустрияландыру дегеніміз не?

2. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?

3. Индустрияландырудың маңызы қандай болды?

4. Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?

6. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.

7. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?

8. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.

Бұдан әрі оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Сабақты түсіндіру үшін төмендегідей жоспар құрамын.

1. Сауатсыздықты жою.

2. Халық ағарту ісі.

3. Ғылым мен мәдениет.

4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.

Алдымен қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.

Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.

Екінші бөлім бойынша да қыскаша түсінік беріп өтемін.



Ағарту - білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.

Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.



Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.

Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.



  • Ғылыми-зерттеу істері.

  • Ғалымдар.

  • Әдебиеттің дамуы.

  • Сталиндік қуғындау.

Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.

«Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.

Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.

Қорытынды кезең:

Жалпы қорытынды кезеңінде сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.

1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?

2. Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.

3. 1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.

Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.

Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.



Бағалау:

Үй тапсырмасы: 48-параграфты оқу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 49. Ұлы Отан соғысының басталуы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.

  • Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.

1. «Сауатсыздықты жою» дегенді қалай түсінесің?

2. 20-30-жылдары халық ағарту ісінде қандай өзгерістер жүзеге асты?

3. Қазақстандағы ғылымның дамуы қандай дәрежеде еді?

4. Қазақстанда 20-30-жылдары ғылым, білім, мәдениеттің дамуына қандай кедергілер әсер етті?

5. Қазақстанда өнер саласында қандай жетістіктерге қол жетті?

6. 20-30-жылдардағы мәдени құрылыстың дамуы қандай дәрежеде болды деп ойлайсың?

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін үйге берілген сөзжұмбақтарды тексеріп шығып бағалаймын.

Бұдан әрі үй тапсырмасына берілген өткен тақырыпты қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттарын айтып беремін.

Сабакты төмендегідей жоспар бойынша түсіндіремін:

1. Фашистік Германияның соғыс жоспары.

2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.



Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды.

Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 ай-дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.

1941 жылы 22 маусымда неміс өскерлері КСРО шека-расына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

Мәтінді оқушыларға оқыта отырып талдатамын.

Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.

Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті.

Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.

Мәтінді оқытып оқушылармен бірге талдаймыз.

Бұдан кейін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып, тақырыпты толықтырып шығамын. Картаға оқушыларды шығарып, олардың білімдерін тексеремін.



Қорытынды кезең:

Сабақты қорытындылау үшін карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.

1. «Барбаросса» жоспарының мәні неде?

2. Фашистік Германияның мақсаты.

3. Қазақстан майданды негізгі қамтамасыз етуші.

4. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

5. Тыл еңбегі жайында не білеміз?

6. Қазақстан - майдан арсеналы дегенді қалай түсінесің?

Аталған тапсырмаларға жауап ала отырып Ұлы Отан соғысы жайлы оқушылардың пікірін, көзкарасын білемін. Онда негізінен проблемалық сұрақтар қоямын. Сонымен қатар оқушылар білімін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып емінөн. Соңында бүгінгі тақырыпқа шолу жасап картаны пайдалана отырып сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 49-параграфты оқу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет