Дәптермен жұмыс. Екі көтерілісті салыстыра отырып темендегі кестені толтырамыз.
Кенесары көтерілісі
Ішкі ордадағы көтеріліс
Уақыты
Қозғалыс басшылары
Көтеріліс еткен жерлер
Көтерілістің козғаушы күші, сипаты
Көтерілістің тарихи маңызы
Қорытынды: Сабақты бекіту мақсатында осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беремін.
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты қандай?
2. Кенесарының төңірегіндегі батырлар туралы айт.
3. Кенесары басқарған көтерілістің жеңілуінің басты себебі қандай?
4. Ішкі ордадағы көтерілістің басты себебі қандай?
5. Исатай мен Махамбеттің қолбасшылығы жайында айт.
Бұдан кейін қозғалыстарды салыстыра отырып сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Оқушылардың берген жауабып толықтырып өтемін.
Бағалау: Үй тапсырмасы: 1. 34-параграфты оқу.
2. Кенесары, Исатай, Махамбет жайында дәптерге шағын әңгіме жазып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: § 35. Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ф. Достоевский суреттері, ғылыми карталар.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы тексеремін.
1. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық күрес болған жылдар.
2. Кенесарының ата-бабалары.
3. Кенесары хан көтерілген жыл.
4. 1836—1838 жылдарда болған ішкі ордадағы көтеріліс басшыларының бірі, ақын.
5. Исатай Тайманұлы қазіргі қай облыстың жерінде дүниеге келді?
6. Бөкей ордасы қай өзендердің аралығында орналаскан?
III. Жаңа сабақ.
Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?
Осыдан кейін тақырыпты қыскаша түсіндіре бастаймын.
Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.
Осылай түсіндіре келе оқушыларға Шоқанның өмірінен, ғылыми жолдарынан оқулықты пайдалана отырып дәптерге хронологиялық кесте жасау тапсырылады.
1. 1835 жыл - Шоқан дүниеге келді.
2.1847 жыл - Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі.
3.1853 жыл - Шоқан Сібір кадет корпусын бітіреді т.б.
Бұдан кейін сынып оқушыларын екі топқа бөліп, Шоқанның өмірінен екі тақырып беріп шағын әңгіме жазуды тапсырамын.
Тақырыптар: І-топка: «Шоканның балалық шағы».
П-тоіща: «Шоқан - көрнекті ғалым».
Жазып болғаннан кейін екі топтың жазған әңгімелерін бір-біріне алмастырып, пікір алысуға жағдай тудырады. Бұл әңгімені артынан қысқаша қорытындылап өтемін. Сонымен қатар қисынды әңгіме жазған оқушыларды бағалаймын.
Қорытынды кезең Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.