Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет68/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қола дәуірі, түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалардың мәдениеті, этникалық тарихы, монғол дәуіріндегі Шыңғысханның портреті (осы дәуірлердегі адамдардың антропологиялық типін сипаттайтын салыстырмалы суреттер).
Ежелгі Қазақстан картасы. Монғол дәуіріндегі Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.
«Шыңғысханға тарихи тұлға» ретінде мінездеме берілген жазбаша жұмысты 2-3 оқушыға ауызша оқытып, қалған оқушылармен үйде көріп келген бейнефильм бойынша талдаймын.
Жаңа тақырыптың жоспары.
1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.
2. Энеолит дәуірінің жылқышы тайпалары.
3. Қола дәуірінен қалған мұра.
4. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар.
5. Олардың антропологиялық, тілдік ерекшелігі. Жаңа тақырыпты этнос және халық ұғымдарын түсіндіруден бастаймын.
Этнос деп өз тілі, дәстүрлі мәдениеті, өзіндік ұлттык мінез-құлқы бар, өзара туыс және бір аумақта қалыптасып өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.
Халық деп, тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, өзін елдес, жерлес тұрғыдан ұғынған белгілері бар, қалыптасқан қауымдастықты атаймыз. Халық белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ортада құралады.
Қазақ этносы халық болып өз ұлттық мемлекетін ХҮ-ХҮІ ғасырларда құрды деп, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіремін. Қазақ этносының халық болып қалыптасу тарихы сонау энеолит (мысты тас) дәуіріне барып тіреледі. Ол дәуірде Қазақстан даласында жылқышы тайпалар өмір сүрген. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында тастан жасалған құралдарды металдан жасалған құралдар біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Адамдар күнделікті өздеріне қажетті құралдарды мыс сияқты металдардан жасай бастады деп, өткенді қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп кетемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет