Жаңа тақырыпты окыту жоспары: 1. Қаныш Сәтбаев - ғұлама ғалым, академик.
2. Қазақстан ғылымы.
3. Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.
Жаңа сабақты оқытуда негізінен топтық жүйені пайдаланамын. Оқушыларды төрт топқа бөліп, алдарына бір-бір Қазақстан Республикасының шағын картасын, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қатысты тарихи тұлғалардың (ғалымдар мен жазушылар, мәдени қайраткерлер) портреттерін үлестіремін.
Ортақ сұрақ қоямын.
Қаныш Сәтбаев кім? Мәтінді оқи отыра балалар сұраққа жауап жазады. Тәрт топтан бір оқушыдан шығып ортақ жауаптарын оқиды. Мен ұпаймен бағалап отырамын.
Бұдан әрі Қ. Сәтбаев туралы қысқаша түсінік беріп өтемін.
Балалық шағы, өскен ортасы.
Ғылым жолындағы жаңалықтары.
Академик.
Келесі мәтінді де оқып шығып, топпен ақылдасып ой қорытуға бағыт беремін.
Әр топқа ірі ғылыми жетістіктер жайлы шағын әңгіме жазуға тапсырма беремін. Бес минуттай уақытта төрт топ шағын әңгіме жазып шығуы керек. Мазмұнына қарай ұпаймен бағалаймын.
Бұдан кейін келесі тақырыпшаларды түсіндіремін.