Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын.
Осыдан кейін алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін.
1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді.
Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысыөтті.
Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі. Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз.
Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады.
Оқулықпен жұмыс. 2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын.
Қорытынды кезең.: Сабақты бекіту мақсатында көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын.
Сұрақтардың үлгісі.
Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр.
Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?
Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет.
Азамат соғысы дегеніміз не?
Кеңес өкіметі билікке қалай келді?
Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті?
Оқушылардың жауабын толықтырып отырамыннемесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын.
Бұдан әрі тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.
Бағалау: Үй тапсырмасы: 45-параграфты оқу.