Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру ға, олардың денсаулығын нығайт уға



бет1/2
Дата10.11.2023
өлшемі27,57 Kb.
#190937
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
4АПТА ҚМЖсынып сагаты 10.10 2023Ж
8 сынып Тест сұрақтары, 8 сынып Тест сұрақтары, 252244, 14 СӨЖ

Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Дұрыс тамақтану және денсаулық. /ӨҚ Өрттің пайда болу себептері.
«ЕЛ ЖАСТАРЫ» бағдарламасы

Күні

10.10.2023ж

Сынып жетекші
Тәжірибеден өтуші студент


Баламырзаева А.
Молдрахым І.Т.

Сынып: 1 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады

Оқу мақсаты:

Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтеді.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы түсіндіріледі. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиеленеді.



Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабағымыз да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық) Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымызкөбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.

Оқушылар ойларымен бөліседі

Шапалақтау әдісі

https://www.canva.com/design/DAFwIkzluOY/R0kLGMkb0svIYrkU-TOnEQ/edit?ui=eyJHIjp7fX0





Сабақтың ортасы

  1. Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:

Дұрыс тамақтанудың жөнін білетін адамдар былай дейді: Дұрыс тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол уақытында тамақтану және тамақты түрлендіріп жеу қажет дейді.Уақытында тамақтану дегенмен келісесіздер ме? Егер келіссеңіздер, неге? Тамақты түрлендіру қажет пе? Не үшін?
Слайд тамашалаңыздар

  1. Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:

«Көкөніс базары» ойыны.

  1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)

  2. Көкөніс қайда? (Бақшада)

  3. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

  4. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

  5. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

  6. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

  7. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

  8. Көкөністер туралы ертегі бар ма?

  9. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

  10. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

  11. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
қарбыз, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Шалқан болса тағы бар.


Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық. (Пияз) 


«True or false» ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, екі рет шапалақтайды, келіспесе- тыныштық күйде отырады. (балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет