2. Үй тапсырмасын тексеру Т. Дәуренбековтің «Кімнің жұмысы» әңгімесін оқып талдау. Сұрақтар:
Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?
Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
Түйіндеме.Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату-тәтті болып, сыйластықты қарым-қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.
Сабақ барысын талдау:
Үнтаспа Оқулық
3. Дәйексөз. «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» (халық даналығы) (Бірінші ұлдар, екінші қыздар, үшінші рет хормен оқып шығады).
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?