Мектеп: № 34 А. Тайманов атындағы мектеп-гимназия Мерзiм: Пәні: Өзін-өзі тану Тақырып: «Ұл бала мен қыз бала» Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер:көпшілдік, сыйластық, достық, кешірімділік Мұғалiм: Есенова Д.Д Сынып – 3
Сабақтың мақсаты:Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; Міндеттері: - ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру; - өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту; - инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, үнтаспа, күнделік, қанатты сөз
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау, оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).