Сабақтың мақсаты: балаларға достық құндылығы туралы түсінік беру, Білімділік мақсаты: достық көмек туралы түсініктерін кеңейту



Дата04.10.2020
өлшемі31,5 Kb.
#63949
түріСабақ

Білім беру саласы: танымдық

Бөлімі:өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достық көмек.

Сабақтың мақсаты: балаларға достық құндылығы туралы түсінік беру,

Білімділік мақсаты: достық көмек туралы түсініктерін кеңейту,

Дамытушылық мақсаты:өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту,

Тәрбиелік мақсаты:бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,үнтаспа



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация

лық

қозғаушылық

Ұйымдастыру іздестіру

Рефлексивті

түзетушілік



Балалармен сәлемдесу,зейіндерін сабаққа аудару,түрлі түсті қарындаштарын алдыру.

Жақсы көңіл күймен өткенді еске түсірейікші балалар.

Еңбекқор бала деп қандай баланы айтамыз?

Үлкендерге қалай көмектесер едіңдер?

Жарайсыңдар балалар.

Шаттық шеңбері

Балалармен бірге Е.Өтетілеуұлының

«Достармен біргемін» өлеңін айту.

Әңгімелесу

«Досыңа көмектесу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын «Көпір»

Еденге бормен екі сызық сызылады.ол-көпір.Бір-біріне қарама-қарсы екі бала құлатпай өткізіп,орындарын ауыстырады.

көмектесіп жағаға келулері керек.

Дәптермен жұмыс

-Суреттен кімге қандай көмек қажет екен

дігін тауып достардың өзара көмегі туралы әңгімелеп беріңдер.

Өзіммен-өзім

Үнтаспадан әдемі әуен естіледі.Балалар жайғасып өз достары туралы көз алдарына елестетеді.

Қорытындылау

Достық көмек туралы әңгіме құрап келу.

-Балалар бүгінгі сабағымызда жүрегімізге

жанымызға жақын көретін адамымызтуралы әңгімелестік.Достар әрқашан бір-біріне көмектесулері керек.

Біз доспыз деп шеңберге тұрып сабақты аяқтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.




Нені білу керек? достық көмек туралы

Нені игереді? достықтың мәнін



Нені біледі? достықты қадірлеуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет