Пән Қазақ тілі
Бөлімі Сәулет өнері
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
|
Мектеп: Ү.Кәрібаев атындағы ОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Абжатова Г.Ж.
|
Күні: 29.11.18
|
Қатысқандар саны:
|
Сынып: 3
|
Қатыспаған оқушылар:
|
Оқу мақсаты:
|
3.4.2.7* сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
|
- сөйлем мүшелері ұғымымен танысады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
|
Оқушылардың көбі:
|
- сөйлем мүшелерін ажыратады;
-жіберілген грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
|
Оқушылардың кейбірі:
|
- сөйлем мүшелерін сұрақ қою арқылы ажыратады;
- жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
|
Бағалау критерийлері
|
Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді.
|
Тірек сөздер
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер
Сөйлем мүшелері, сұрақ қою, толық мағыналы сөз.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Қаланың сәнін келтіріп, әдемі етіп тұратын не деп ойлайсың?
Сәулетші дегеніміз кім?
Сәулетші маманы болу үшін қандай болу керек?
|
Құндылықтар
|
Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиеттік оқу, дүниетану.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Сөйлем. Сөйлем түрлері.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
3 минут
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Сәулет» сөзін табады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
|
|
Сабақтың ортасы
34 минут
5 минут
10 минут
6 минут
7 минут
1 минут
5 минут
|
(Ұ) Оқушыларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Берілген түстер бойынша топқа бөлінеді. Топта оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіреді. Бұл тапсырма «Миға шабуыл» әдісі бойынша жүргізіледі.
Сәулет
|
|
ғимаратты жобалайтын маман.
|
Сәулет өнері
|
құpылыстағы бейнелі өнеp, аpхитектуpа
|
Сәулетші
|
тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар,мемориалдық ескерткіштер.
|
(Ө,Ж) 1-жаттығу. Мәтінді іштей оқу. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыру. Сұрақтарды жұбына қою, өзара жауап беру.
2. (Ж) Сурет бойынша «Сәулетші» тақырыбында диалог құрастырады. Бұл тапсырма «Еркін хат» стратегиясы арқылы жүзеге асады. Оқушы алдымен сурет бойынша тірек сөздерді таңдап алады. Содан кейін жұбымен ойласып, тақырыпқа қажеттісін іріктейді де, қажетсізін сызып тастайды. Одан әрі «Тоғысқан пікірталас» әдісімен жалғасады. Оқушылар жұптаса отырып, бір-біріне сұрақ дайындайды. Жауабын іздейді.
Дескриптор:
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; - сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.
3. (Т). Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. Тапсырма сөйлемде берілген ойды аяқтап жазу. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып, сөйлемді толықтырады. «Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сөйлемдерін тексереді. Құрастырылған сөйлемдерді топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар сөйлемдерді тексеріп, жапсырма қағазға пікірін жазады.
1-топ.Сөйлем ішінде сөздер мағыналық жағынан ...
2-топ.Сөйлем аяқталған ........
3-топ. Сөйлемнің бірінші .......
4-топ. Сөйлемнің соңына ......
4.(Ж).Оқушылар жұптаса отырып, берілген сөздерден сөйлемдер құрастырады.
1) Барды, Асқар, құрылысқа. Асқар құрылысқа барды.
Оқушылар әр сөзге сұрақ қояды.
- Сөйлемде қанша сөзге сұрақ қойылды?
- Үш сөз сөйлемнің мүшесі болады. Сөйлем құрамындағы сөздер нақты сұраққа жауап беріп тұр және әр сөздің толық мағынасы бар.
2)Үйлер, қалада, салынды, биік.
-Бұл сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар?
-Төрт сөйлем мүшесі бар екенін қайдан білдіңдер?
- Сонымен сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Оқушылар мұғаліммен біріге отырып қатемен жұмыс жүргізеді.Себебін дәлелдейді.
Ұлан үйге кірді (3 сөйлем мүшесі бар).
Әкем құрылыста кірпіш қалайды (үш сөйлем мүшесі бар)
Сергіту сәті жүргізіледі.
Қолда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйген
Құрылысшы боламын.
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Өз қаламнан аумайтын
Әсем қала саламын.
(Ө)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Оқулықта берілген 4-жаттығу орындалады.
Оқушылар жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жазады. Екінші сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар екенін табады. Күрделі баяндауышты табады. Сөздердің үстіне сұрақтарын жазады. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне жеке орындайды.
Дескриптор:
- жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай өзгертіп, түзетіп жазады;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар ләйлек пен көкқұтанды салыстырады. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Оқушыларға кесте беріледі. Кесте бойынша 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
Ләйлек, дегелек
|
Көққұтан
|
Мойны тік
|
Мойны иілген
|
Бойы 120 см, массасы 4кг.
|
Бойы 100 см, массасы 2 кг.
|
Өмір сүру ортасы-
су қоймаларынан алыс
|
Өмір сүру ортасы-
су қоймалары, батпақты жерлер
|
Ұясы – биік жерде
|
Ұясы – жерде
|
Жүзе алмайды
|
Жүзеді
|
Қорегі – жәндік, тыышқан, жылан, бақа
|
Қорегі – балық
|
Күндіз
|
Күндіз де, түнде де
|
Адамдарға жақын
|
Адамдардан алыс
|
Дауыс жоқ, тек тұмсығымен тоқылдату
|
Дауысы қатты
|
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалайды.
|
Қосымша №1
Қосымша
№2
http://printonic.ru/uploads/images/2016/04/15/img_5710af1e970b2.jpg
Қосымша №3
Слайд№3
Слайд
№4
Оқулық, жұмыс дәптері
Қосымша материал
№4
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия
Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.
Мен сөйлем мүшесі туралы түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).
Мен сөйлем мүшесі туралы әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).
Мен сөйлем мүшесі туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).
Үй тапсырмасы 3-жаттығу:
- ғимараттардың атауын білу;
- осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау;
- неше сөйлем мүшесі бар екенін табу;
- оқулықта берілген үлгі бойынша сөздің үстіне сұрақтарды жазу.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушылар диалог құрастыруда көркем сөздерді пайдаланып сөйлеуі қадағаланады.
|
Оқушылардың
- жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай өзгертіп, түзетіп жазуы;
- өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысуы.
-тілдік нормаларды сақтап сөйлеуі;
- сауатты жазуы
бағаланады.
|
Сергіту сәті өткізіледі.
АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
1.
2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|