Сабақтың мақсаты: Белгілі ө нер адамдарының балалық шағы туралы ә ңгіменің идеясын ашу



Дата26.06.2018
өлшемі15,34 Kb.
#45036
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнердің сайыпқыраны. Кәукен Кенжетаев
Сабақтың мақсаты:

  1. Белгілі өнер адамдарының балалық шағы туралы әңгіменің идеясын ашу.

  2. Мәтінді өз бетімен оқып, талдау арқылы оқушының шығармашылық

деңгейін арттыру.

  1. Ата-ана, ел, жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің әсерін

сезінуге мүмкіндік беру. Сөз өнеріне, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ертегі үзіндісі, «Сыбырлақ» ойыны, Қазақстан
картасы, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

I. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім бірінші баланың құлағына ертегіден үзіндіні сыбырлап айтады: «Балалар, самұрық ұйқысын әбден қандырды. Қарны ашқан соң, ұшып кетті. Қалғанын ертең айтамын...» Үзінді балаға анық естілуі керек. Бір-ақ рет сыбырлап айтатынын ескерту. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

Ең соңғы оқушы ертегі үзіндісін қалай естісе, солай дауыстап айтып береді. Айтылған алғашқы нұсқа өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Орта тұстағы бірнеше баладан да не естігені сұралады.

- Балалар, ауыз әдебиеті үлгісі болатын ертегілер мен осы ойынның арасында қандай ұқсастық бар? (Теорияны қайталау мақсатындағы жұмыс).

- «Ерте, ерте, ертеде» деп басталатын ертегілерді тыңдап өскен қазақ ауылының балалары қандай «өнердің сайыпқыраны» болғанын білгілерің келсе, мәтінді оқиық. «Сайыпқыран» сөзіне түсініктеме беру.

II. Мағынаны тану.

1 -абзацты оқып, мазмұнын түсіну.

- Мәтіннен не түсіндік?

- Оқиға басталды ма?

- Егер басталмаса, бұл не болуы мүмкін?

Оқушылар жауабы: а) пейзаж; ә) портрет. Пейзаждың не екені еске түсіріледі.

Қорытынды сөз арқылы бұл Қазақстанның қай аймағы екенін картадан іздеп табу.

- Оқиға басталмағанымен, оқиға болатын орын бейнеленген.

- Ал осы үзіндіде қандай кейіпкердің аты аталады?

- Әңгімелеуші адамның әкесі - Кенжетай. Оның әкесі - Айман.

Осы бөлімді қалай атасақ болар еді? Мысалы: ...

- Бұл адамдар туралы ары қарай оқып көрейік...

Осылай әңгімені өз қалауынша бөле отырып, әрі тақырып қоя отырып аяқтап шығу.

- Осы мәтіндегі үш баланың қайсысы өнердің сайыпқыраны еді?

- Оның келешек өнер иесі болатынын кім байқады? Дәлелде.

- Біріншіден, домбыраны тез үйренуі, ...

- «Шәкенді өнер қысып жылап отыр» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қоқыш ағайдың ертегісі неліктен өмір бойы Шәкен мен Кәукеннің есінде қалды?

Осы қызық та күлдіргі адамдардың, ортасында жүрген Шәкен әртістік өнер мектебін оқыған ба еді? Дәлелдеп айту.

- Ол қалай өнер адамы болды?

Оқулықтағы сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жасау.

Шәкен Айманов бейнесін ашуда балаларға «Алдаркөсе» көркем фильмінен үзінді, ол мүмкін болмаса, фотосуреттер көрсетуге болады.

III. Ойтолғау.

Өнерлі адам болу оңай ма? Балалар ойын тыңдау.

Үйге тапсырма: Сөздікпен жұмыс жасау. Эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет