Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушыларға "Қазақтың ұлттық ойындары"



Дата25.08.2017
өлшемі44,58 Kb.
#25943
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға "Қазақтың ұлттық ойындары" туралы мәлімет беру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Батыл, тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.

а) Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Сондықтан, сабаққа белсенді қатысып отырайық.

ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) Ауызекі сөйлесу.

-Бүгін ақпанның нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыстың қандай айларын білесіңдер?

-Қазір қай сабақ?

-Қазақ тілі сабағы бүгін нешінші сабақ?

-Бүгін қазақ тілі сабағы екінші сабақ.

-Жақсы, балалар, сабақ кестесін білесіңдер екен.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

а)Сөздерді жатқа айтып беру.

ә)Жақсы, балалар, үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.

III. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

а) Сауалнама арқылы өткен сабақты еске түсіру.

1. Қандай ұлттық киім түрлерін білесіңдер?

2. Сен қазақтың ұлттық киімін киіп көрдің бе?

3. Ер адамдардың ұлттық киімдерін ата.



4. Әйел адамдардың ұлттық киімдерін ата.

5.Сен сабақтан соң қандай ойын ойнайсың?

6. Ол ойынның қандай пайдасы бар? (т.с.с.)



IV. Жаңа сабақ.

4.1.Кіріспе әңгіме. Тыңдалым.

ә) Қазақ халқы бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген, балалардың денсаулығы жақсы, тапқыр да батыл болуға тәрбиелеу үшін көп ойындар ойлап тапқан. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – баланың дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде  ерлікті, икемділікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, дененің шынығуын қалыптастырады.



-Сонымен, балалар біздің сабағымыздың тақырыбы "Қазақтың ұлттық ойындары". Бүгін біздің сабағымыздың мақсаты сабақта жаңа тақырыппен танысу, жаңа сөздерді игеру.

1. Сөздік жұмысы. Тындалым. Айтылым. Жазылым.

а) Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазып алу.

ә) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.

2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. 1 - тапсырма.

а) Мәтінді оқу.

ә) Қазақ тіліне аудару.

б) Сұрақтарға жауап беру.

в) Мәтіннің мазмұнын айту.

3. Сергіту сәті. (Музыкалық сәт)

4.Оқулықпен жұмыс. Айтылым. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып айт. 2 - тапсырма.

Ойын, ойыншық, көп бала, аулада, далада, ерлік, батылдық, тапқырлық , дене шынықтырады, тәрбие құралы

5. Дәптермен жұмыс. Жазылым. Сөздерді буындарға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.

Ұлттық, ойындар, қазақ, баға, қазына, бала, халық.

6 - тапсырма. "Қазақ" сөзін жіктеп жаз.

7 - тапсырма. "Ойнаймын" сөзін тәуелдеп жаз.

8 - тапсырма. "Ұлттық" сөзіне фонетикалық талдау жаса.

9-тапсырма. Суретпен жұмыс.

V. Сабақты қорытындылау. Сөйлесім.

-Сонымен, балалар бүгін біз не туралы әңгімеледік ?

-Дұрыс, қазақтың ұлттық ойындары туралы.

-Қазақтың ұлттық ойындары қандай байлық?

-Баға жетпес байлық.

-Ұлттық ойындар нені қажет етеді?

-Ұлттық ойындар ерлікті, батылдықты, тапқырлықты қажет етеді.

-Өте жақсы балалар.

-Иә, балалар бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан балаларға осындай баға қойғым келеді.

VI. Білімді бағалау.

VII.Үйге тапсырма беру.

а)Жаңа сөздерді жатқа айтып келу.

ә)Ұлттық ойындар туралы әңгімелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет