Кіріспе септаккорд үндестігі
Пәннің аты: Сольфеджио
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Кіріспе септаккорд үндестігі туралы қысқаша түсіндіру,құрылуын үйрету,
меңгерту.
Тәрбиелігі: Оқушы бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, ынтасын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылар дыбыстарды дұрыс естіп ажыратуға сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Топтық сабақ
Сабақтың өтілу әдісі: Сольфеджио айту, интервал құру және айту.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: Күйсандық, плакат, буклет, карточкалар
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) теориялық
б) практикалық
IV.Өзіндік жұмыс.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасы.
Субдоминанталық және доминанталық үшдыбыстылықтардың айналымымен байыпталуы ережесін сұрау. Фа мажордан S - S6 - S6/4, D - D6 - D6/4 құрылуын тексеру.
b
Т5/3 Т6
Т6/4
b
s Т6 s6 Т6/4 s6/4 Т5/3 D Т6/4 D6 Т5/3 D6/4 Т6
III. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Кіріспе септаккорд үндестігі
а) теориялық
Кіріспе септаккорд дегеніміз - саздың VII сатысында құрылатын үндестік.
Жазылу белгісі - VII7
Кіріспе септаккорд екі түрі болады:
1.Кіші кіріспе септаккорд
2.Кішірейтілген кіріспе септаккорд
Бұлардың атауы құрамындағы септимаға байланысты.
Егер үндестіктің шеткі дыбыстарының аралығы кіші септимаға тең болса, онда оны кіші кіріспе септаккорд деп атаймыз.
Жазылу белгісі: кVII7
Аралық құрамы: кVII7 =к3+к3+ү3
Егер үндестіктің шеткі дыбыстары, кішірейтілген септимаға тең болса, онда оны кішірейтілген кіріспе септаккорд деп атаймыз.
Жазылу белгісі: к-генVII7
Аралық құрамы: к-генVII7 =к3+к3+к3
Кіші кіріспе септаккорд шынайы мажорда, кішірейтілген кіріспе септаккорд үйлесімді минорда құрылады.
б) практикалық
До мажордағы кіші кіріспе септаккорд:
IV VI
VII II
kVII7
Кіші кіріспе септакоккордың аралық құрамы:
Достарыңызбен бөлісу: |