Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың есту мүшесінің құрлысы мен қызметі туралы ақпаратты алуы



Дата21.07.2017
өлшемі44,34 Kb.
#21381
түріСабақ


Биология: 8-сынып: Күні:----------------------

Сабақтың тақырыбы:   Есту мүшесі және есту анализаторы.  Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы және қызметі. Есту анализаторының бөліктері. Есту орталықтары. Есту гигиенасы.  Есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу.

6 зертханалық жұмыс.

Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау

Сабақтың мақсаты:   

Білімділігі:  Оқушылардың есту мүшесінің құрлысы мен қызметі туралы ақпаратты алуы.

Дамытушылығы: Оқулықпен өз бетінше  жұмыс істеуге дағыландыру.

Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа және гигиеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру,   әңгімелеу, зерттеу.

Көрнекілік: құлақтың сұлбасы,  плакаттар. Слайд

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу: (Сәлеметсіздерме оқушылар)

  2. Түгелдеу: (Бүгін сабақта кім жоқ)

  3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасы:

Бірнеше сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру.

  1. Көру мүшесін ата.

  2. Көз ауруларының алдын алу және гигиеналық талаптарды ата.

  3. Көз құрылысы қандай.

  4. Көздің қосымша мүшелері

Тест арқылы тексеру

1.Сезім мүшесіне жатады?

А) ауыз  Б) тіс    В) көз    Г) қол  



2.Көз алмасының құрамды бөліміне не жатады?

А) қас   Б) кірпік   В)  нұрлы қабық     Г) Жас



3.Көздің қосымша мүшесін ата.

А) нұрлы қабық  Б) торлы қабық    В) кірпік    Г) ақ қабық   



4. Көз дәрігері кім?

А) стомотолог  Б) педиатр  В) окулист  Г)  кардиолог



5. Көру аймағы мидың қай бөлімінде орналасқан?

А) ми қыртысында   Б) үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімінде  В) шүйдеде

Г) самай бөлімінде

Суреттер сөйлейді....... (Слайдтан сезім мүшелері көрсетіледі)

Оқушыларға карточка беріледі...

1-Карточка.


  1. Сезім мүшелерін ата.

  2. Көру гигиенасы.

2-карточка.

  1. Көру мүшесі.

  2. Көздің құрылысы.

3- карточка.

Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.

Осы көз алмасының қабаттарын ата.

ІІ.   Жаңа сабақты түсіндіру.

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.  есту мүшесі - құлақ.

                                                                     Құлақ

                                  Сыртқы                  ортаңғы                            ішкі құлақ.

1.   Сыртқы. құлаққа құлақ  қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны  ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2.   Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады.Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған..

3.   Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені  шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

Бекіту:

1. Есту мүшесі –құлақ қандай бөлімдерден тұрады?

2.     Дыбыс тербелістері есту мүшелеріне қалай беріледі?

3.     Құлақтың құрылысы қандай ?


Суреттерге сипаттама беру:


Білемін

Білдім

Білгім келеді









6 зертханалық жұмыс.

Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау

Үйге тапсырма беру:  параграфты оқу. Кестені толтыру

№6 зертханалық жұмыс.



Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау.    
Бағалау:



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет