Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың жер бетіндегі байлықтың бірі нан туралы білімдерін кеңейту



Дата23.08.2017
өлшемі52,85 Kb.
#25706
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: НАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ ?

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушылардың жер бетіндегі байлықтың бірі нан туралы білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.

3. Тәрбиелілігі: оқушыларды еңбекке баулу. Нанды қадірлеуге үйрету. Нанның дастарханға қалай келетінің айтып, нанның тұқымдық бидайдан нан болып дастарқанға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен таныстыру.

4. Коррекциялық: байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Сөйлемдердің мәндерін терең ұғынып, мағынасын аша білуге және ойлау қабілеті мен тілін түзету.

Қажетті құралдар: Нан, бидай, ұн, қамыр егіндіктің ,трактордың, комбайынның, қырманның, элеватордың, диірменнің, наубайхананың, нанның жасалуы туралы бейне таспалар, ИКТ, қиынды суреттер.

Сабақ барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық дайындық.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған,

Мынау мінің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған



Логопед сөзі : Сендер білуге құмар жансыңдар. Өзіміз білетін «Ас атасы нан» дастарханымызға қалай келетінін білу үшін, бүгін біздің сабағымызға «Дымбілмес» қонаққа келіпті. Қане бәріміз «Дымбілмеспен» амандасайық . Балалар «Дымбілмес» сендерден нанның қайдан шығатынын білгісі келеді. Ол сұрақтың жауабын білу үшін біз Дымбілмеспен бірігіп таудың басына шығуымыз керек. Тауға көтерілу барасында бізге Дымбілмес шеше алмай келген тапсырмаларын ала келіпті, соларды шеше отырып, Дымбілместің сұрағына жауап беруге тырысып, таудың басына шығамыз. Ол үшін біраз жаттығып алайық.

3. Артикуляциялық жаттығулары. Компьютер арқылы артикуляциялық тіл жаттығуларын жасату.(айнамен)

4. Логопед сөзі: Жаңа сабақ. Балалар Дымбілмес таудың басына шыға алмай тұр. Егер сендер алдарындағы тапсырманы орындасаңдар, Дымбілмес тауға бір саты жоғарылайды. (Оқушыларға қиынды суреттер таратылады. Сол суреттерді құрастырып, оқушылар сөйлем құрастырулары тиіс.)

- Жарайсыңдар! Бұл тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.



Логопед сөзі: Енді тағы да Дымбілмес сендерден мына мақалдардың мәнін ашып берулеріңді өтініп тұр.

Арпа бидай ас екен

Алтын күміс тас екен
Бидай тоңға тимей,

Аузың нанға тимейді.

Жарайсыңдар! Бұл тапсырма да сендерге қиындық тудырмаған сияқты.

Енді Дымбілмес сендерден мына жұмбақты шешулеріңді сұрайды.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

-Дұрыс айтасындар.

Енді біз бидайдың қандай болатынын көрейікші. Бидайдың сабағын көрейік, танысайық. (оқушыларға бидайдың сабағы, бидай көрсетіледі)



5. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Нан қиқымын шашпаңдар,


Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Тауықтарға тастаңдар-
деп мына қолдарыңдағы бидайды алып мына алдарындағы балапандар мен тауықтарға береміз. Балапандар мен тауықтарды тамақтандырайық. (оқушыларға тауықтардың тағамы бидай екені түсіндіріліп өтеді, оқушылар бидайды алып тауықтарға береді)

-Ой ,балалар, Дымбілмесіміз тау басына әлі жете алмай келеді. Қане көмекке келейік. Ол үшін мына жұмбақты шешуімізді сұрап тұр

.

Таудан төмен қар жауар,



Қозғай берсең, көп жауар. (ұн, елек)
Логопед сөзі: -Жарайсындар. Ал, енді ұнның қандай болатынын көрейік. Міне ұн бидайдан шығады. Ендеше осы ұнды қолымызбен ұстап, иіскеп, дәмін татып көрейік. Ол қандай екен? Ақ, жеңіл, дәмсіз және т.б.(оқушылар ұнды ұстап көреді)

6. Көзге арналған жаттығу.

Логопед сөзі: Ал, мынау не? деп ойлайсындар. (оқушыларға қамыр көрсетіледі) Әрине қамыр. Қамырды біз ұннан жасаймыз. Қане біз өз қолымызбен жасап көрейік. (оқушылар қамырдан әртүрлі пішіндер жасайды) . Енді қолымызды сүртуді ұмытпайық.

-Балалар сендер шаршап қалдыңдар ма? Қарап тұрсаңдар Дымбілмес те шаршап қалғанға ұқсайды. Бәріміз біраз сергіп алайық .



7. Сергіту сәті.

Логопед сөзі: -Балалар енді мына тапсырманы орындау арқылы Дымбілместі тауға жоғары көтерейік. (дәптермен жұмыс)
8. Сабақты бекіту.

Логопед сөзі: -Міне балалар Дымбілмесіміз таудың басына да шығып қалыпты.

Қане, енді Дымбілмеске наннын қандай болатынын көрсетейік. (оқушыларға нан көрсетіледі). Нан-дастархан құты. Нан-тоқтық, нан байлық. Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Енді осы адамдардың ерен еңбегін Дымбілмеске өзі жоғарыдан бақылап көрсін.. (Экранға назар аударылып , видео қойылады)

Дән себу.

Астық жинау.

Диірменге әкелу.

Нан пісіру.

Егістікті күтіп баптау.

Ұн тарту.

Дүкенге укелу.

Жерді күту.

Элеваторға әкелу.
9. Қорытынды: Жарайсындар балалар сендер қандай ақылдысыңдар. Сендердің арқаларында Дымбілмес нанның қайдан шыққанын білді. Сол себептен ол сендерге сыйлық және ата-аналарыңа ҚУАНЫШТЫ ХАБАРЛАМА дайындай келіпті. (оқушыларға сыйлықтары үлестіріліп беріледі)

Ал енді Дымбілмеспен қоштасайық. Ол сендерге әлі де қонаққа келеді. Сау болыңдар! Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.



Құрметті Алмаздың ата-анасы!

Біз бүгін НАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? атты сыныптан тыс ашық сабақ өткіздік.

Алмаз сабаққа өте жақсы қатысып, өзін көрсете білді.

Рахмет!


№4 мектеп логопеді: Сарсекенова Кульзира Жеткенбаевна

№4 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ КММ

Қалалық сыныптан тыс ашық сабақ.

Тақырыбы: НАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?


Дайындаған мектеп логопеді : Сарсекенова.К.Ж.



Теміртау қаласы.

2016 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет