Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ, жұмбақ шешу, суретті жұмбақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б. суреттер,« Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз құрастыр» ойындары, кеспе әріптер, борлар түрі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу.
ә) Сабаққа дайындық.
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
-Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады?
Қазір сауат ашу сабағы.
Бүгінгі сабақ ашық сабақ, көп қонақтар қатысып отыр.
-Кәне, қонақтармен амандасайық.
Қуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздерме!
Оқушылар шеңберде жиналып , мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Ендеше, «Кім зерек?» ойынын ойнап жіберейік.
Сауат ашу іс-әрекетінде нені үйренеміз?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Қандай-қандай болып бөлінеді?
Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
Дыбыстардан не құраймыз?
Буыннан не құраймыз?
Сөзден не құраймыз?
Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Балаларды үш топқп бөліп отырғызу. 1 топ –дауыстылар, 2 топ –дауыссыздар, 3 топ- әріптер.
Өткенді қайталау
Балалар, бірінші ашық оқу-іс әрекетімізді бастамас бұрын слайдқа назар аударыңыздар, слайдтан өткен әріптерді қайталау.
М дыбысы мен әрпін қайталау. Сөздер ойлатып, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату. Мысалы: Ма-та, ал-ма, қа-лам
Қызығушылығын ояту.
Біз енді сауат ашу оқу іс-әрекетімізді жаңа тақырыппен танысамыз.
Жұмбақ шешу
Қанаты жоқ ұшпайды, 2. Жазу жазып жалықпаған
Су астында қыстайды. Жаза жаза арықтаған.
(Балық) (Бор)
3.Ұзын мұртты сарылар
Қойынында наны бар.
(Бидай)
Жұмбақ арқылы жаңа әрпімізбен танысамыз , слайд арқылы жұмбақ тыңдату және табу суретін көрсету. Тапқан сөздердің басныдағы әріпті айтқызу. Иегіміз қолымызға тиіп тұрма, неге тимей тұр? Соны баладан сұрап оның дауыссыз екенін айту. Дауыссыз дыбыс қалай айтылады, қандай текшемен белгіленеді, Б дыбысынан келетін сөздерді білеміз ба? Қане, айтайық: бақа, бота, балға, т.б. Соларды буынға бөлу, шапалақ арқылы буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.
Тақтамен жұмыс: Бота, бақа, бала сөздерін жазғызып, дыбыстық талдау жасату.
Оқулықпен жұмыс .
Дәптермен жұмыс.
а) Ауада жазып көрсету
ә) Баспа түрін таныстыру
б) Жазу үлгісін орындау
Сергіту сәті. Ойын «Дыбысты анықта»
Шығармашылық жұмыс
1 топ «Балапандар» сөзінен көп сөз шығару
2 топ «Б» дыбысынан басталатын буындардан сөз құрап, сөйлем ойлау
3 топ «Б» дыбысынан басталатын сөздерден дауысты мен дауыссыздар ды тауып текшемен белгілеу
Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылып айтылмайды.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.
«№ 11 жалпы орта білім беру мектебі»
Сабақтың тақырыбы:
дыбысы мен әрпі
Орындаған: 0 «А» сынып жетекшісі
Турмагамбетова М.Ж.
Мұнайлы ауданы
2016-2017 ж
Достарыңызбен бөлісу: |