Тақырыбы: Зиянкестермен күресу әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді зиянкестермен күресу жолдарымен әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Тәрбиелік. Студенттерді зиянкестермен күресу әдістерімен таныстырып , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Студенттерді зиянкестермен күресу әдістерін меңгерте отырып, теориялық білімін дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Дәстүрлі оқыту технологиясы, шаталовтың схемалық технологиясы
Пәнаралық байланыс: химия, агрономия
Көрнекті құрал- жабдықтар: Сабақ жоспары, тақырып бойынша лекция, плакаттар, слайд видеоматериал
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру
Сабаққа дайындығын тексеру
Зиянкестердің түрлерімен таныстыру
Зиянкестермен күресу шараларын үйрету
Зиянкестермен механикалық және физикалық күресу шаралары
Жаңа тақырып: Зиянкестермен күресу әдістері.
Сабақты түсіндіру әдістері:
Слайд арқылы зиянкестердің түрлерімен таныстыру, олардың ауыл шаруашылық өсімдіктерге келтіретін зиянын корсету.
Видеоролик арқылы зиянкестермен күресу шараларының жүзеге асу үрдісін корсету.
Плакаттар арқылы зиянкестермен күресу шараларымен таныстыру.
Зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызызақымдайды.[1]
Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.
Зиянкестермен күресу әдістері
Ауылшаруашылық зиянкестері
Зиянкестердің өнімге қауіпі
Ауылшаруашылық зиянкестерінің түрлері
сұрақ
Зиянкестермен күресу шаралары
Нығайту:
Зиянкетер дегеніміз не?
Ауылшаруашылық зиянкестерінің қандай түрлері бар?
Өсімдіктерді зиянкестерден сақтаудың шаралары?
Зиянкестермен күресудің химиялық шаралары қандай?
Зиянкестермен күресудің биологиялық шаралары қандай?
Зиянкестермен күресудің механикалық және физикалық шаралары қандай?
Қорытынды:
1.Жаңа сабақты қорытындылау үшін студенттерді 2 топқа бөліп үлестірме қағаз арқылы зиянкестердің атаулары беріледі, берілген зиянкестің қандай залалы бар екенін және күресу жолдарын айтады.
2.Студенттерді бағалау.
Үйге тапсырма:
39-40 тақырыпты оқу
Қосымша интернет ресурспен жұмыс істеу
Достарыңызбен бөлісу: |