Сабақтың тақырыбы: Бас қаланың бойтұмары.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «Астана-Бәйтерек» монументі туралы мәлімет беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық –танымдық қызметтерін арттыру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге қазақ тілін үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі:
1.Сұрақ-жауап, сөзжұмбақ , тірек-схема, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайдтар, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз:
Балалар біз бүгін елімізде өзіндік маңызы бар тақырып төңірегенде әңгіме қозғаймыз.Бүгінгі біздің сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады, осы бөлімдер бойынша сабағымызды бастаймыз.
1. бөлім. Тарих парақтары (1 слайд)
Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,
Тарих бетіне жазылады бәрі де.
Тарихқа көз жіберіп көрейік,
Астаналар тарихын таныстырып беретін
«Өткен тарихқа көз жүгіртпей, болашаққа бара алмайсың» деген бар.
Көне дәуірдегі қазақ елінің бас қалаларын еске түсіріп атап өтейік. (2-7 слайд)
Мемлекеті Астанасы
Батыс түрік Суяб
Қарахан Баласағұн
Қарлұқ қағанаты Қойлық
Оғыз мемлекеті Янғикент
Қыпшақ хандығы,
Ақорда мемлекеті, Сығанақ
Әбілқайыр мемлекеті,
Қазақ хандығы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары туралы айтсақ ше? (8 слайд)
1.Орынбор:
1920 жылы 26 тамызда Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды.Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды.
2.Ақмешіт /Қызылорда/
1925 жылы Ақмешіт бекінісі деп аталған қала Қызылорда деп өзгертіліп, Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Қызылорда 1929 жылға дейін еліміздің астанасы болды..
3. Алматы.
Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен.
1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-інің қаулысы жарияланды. Ал 1929 жылы 19 мамырда ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Көшірілуге себеп: 1927 жылы Трансібір темір жол магистралі салынды. Ол Қазақстанның ең ірі елді мекені –Алматы қаласы арқылы өтті. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
- Иә, дұрыс, қазақ елінің тарихы 68 жыл ел орталығы болған Алматымен тығыз байланысты.
4. Астана (9 слайд)
1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола» қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қолды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана көрікті қалаға айналды.
2. бөлім. Көңіл ояу – көз ашық. Сөзжұмбақ шешу. (10-11 слайд)
|
о
|
р
|
ы
|
н
|
б
|
о
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
м
|
ә
|
д
|
е
|
н
|
и
|
е
|
т
|
в
|
е
|
р
|
н
|
ы
|
й
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
т
|
е
|
ң
|
г
|
е
|
|
|
|
|
|
|
|
е
|
л
|
т
|
а
|
ң
|
б
|
а
|
|
|
о
|
т
|
ы
|
р
|
а
|
р
|
|
|
|
|
|
|
а
|
қ
|
м
|
е
|
ш
|
і
|
т
|
|
|
|
|
|
|
|
|
к
|
ү
|
р
|
і
|
ш
|
|
|
Қазақстанның тұңғыш астанасы.
Культура сөзінің аудармасы.
Алматы қаласының бұрынғы атауы.
Ұлттық валюта.
Мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Көне түріктердің бас шаһары.
Қызылорда қаласының бұрынғы атауы.
Қызылорда ненің атасы болып саналады?
3. бөлім. Бас қаланың бойтұмары – «Астана-Бәйтерек» (12 слайд)
Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бас қаларың бойтұмары – «Астана-Бәйтерек»».
Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы сөзі) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып,
«зәулім ағаш» дегенді танытады. (13 слайд)
Оқулықтың 107 бетіндегі мәтінімен танысайық. (Юля, Ерболат)
Сөздік жұмысы. (14 слайд)
Қызғалдақ – тюльпан
Мұнара – башня
Көрме – выставка
Кешен – комплекс
Жеделсаты – лифт
Сұрақтармен жұмыс. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойын жауап алады.
Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау жұмысын ауызша ұйымдастыру. (15слайд)
|
дұрыс
|
бұрыс
|
Астана қаласының басты символы – «Бәйтерек» кешені.
Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
Бәйтерек төрт бөліктен тұрады.
Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындылары ілініп тұр,
Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі үй тәріздес.
Шардың ішінде жеделсатылы холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан.
Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясын тамашалауға болады.
Бәйтерек идеясының авторы – Нұрсұлтан Назарбаев.
|
|
|
Иә, Бәйтерек идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ал бұл идеяның түпкі мағынасы, мазмұны неде? Қайдан шыққан? Бұл туралы бізге Эллида әңгімелеп береді. (аңыз)
Бәйтерек.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында «Бәйтерек» кешені идеясы қазақ халқының арманын білдіретін аңызға негізделгенін жазады. Ежелгі аңызда былай дейді: «... көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен... Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады... Риза болған құс оны жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі».
Сөйтіп, «Бәйтерек» кешені әрбір қазақстандықтың отаншылдық, ынтымақ пен келісім сезімін білдіріп тұруға бағытталған.
- Рахмет, Эллида. Қазақ елі бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бәйтерек – елдігіміздің бетбейнесіне айналып кеткен әйгілі нысандардың бірі. Көне мен келешектің дәнекері іспеттес. Бәйтерек- Даланың көркем дәстүрлерін, Байырғы қазақ елі мәдениетін және ағаш жемісі өмірдің өзі болып табылатын идеяны мегзейді.
Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылғы сәйкес келеді Жобаның авторы – Ақмырза Рүстембеков. (слайдтар бойынша оқып таныстыру) (16-21 слайд).
4. бөлім. Грамматикатикалық тапсырмалар. (22 слайд)
1. Сөздерден сөйлем құраңдар;
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар (23-25 слайд)
1) Бөліктен, үш, тұрады, Бәйтерек.
2) Тамашалауға, жағында, Аялы, болады, композициясын, алақан, жоғарғы, ең.
2. Сөздерді септеңдер (26 слайд)
Бәйтерек, аңыз,
3. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар(27 слайд)
Діңгек, киелі.
4. Сөз құрамына талдау жасаңдар (28 слайд)
Ойнай жөнеледі, кешенінің, ағаш діңгегі
5. бөлім. Қорытынды. (29 слайд)
Тест (30 слайд)
1. «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?
А. Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты
В. Алтын шардың диаметрі 97 метр
С. бәйтерек 1997 жылы салынды
2. Бәйтерек неге ұқсас?
А. Үй
В. Ағаш
С. Доп
3. Бәйтерек неше бөліктен тұрады?
А. 5
В. 4
С. 3
4. «Даму» кешеніндегі жеделсаты фирмасының аты.
А. «Аялы алақан»
В. «Mitsubishi»
С. «Астана-Бәйтерек»
5. Біріккен сөзді анықтаңдар.
А. Астана-Бәйтерек
В. Даму
С. Бәйтерек
6. Ілік септігіндегі сөзді анықтаңдар.
А. Аңызда
В. Аңыздан
С. Аңызының
7. Туынды сөзді көрсетіндер.
А. Аңыз
В. Бейбітшілік
С. Кешен
8. Ақмола қаласына қай жылы Астана атауы берілді?
А. 1997
В. 1998
С. 1999
Жауап кілті (31 слайд)
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
А
|
В
|
С
|
В
|
С
|
С
|
В
|
В
|
Бағалау:
Барлығы дұрыс – «5»
Бір немесе екі қате - «4»
Үш немесе төрт қате – «3»
Үштен артық қате – «2»
Түйін (32 слайд)
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, XX ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:
Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей.
Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары. Соны бойлап «MITSUBISHI» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады.
Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы.
Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді.
Үй тапсырмасы. Мәтінге жоспар құру; (33 слайд)
Құс, кешені сөздерін септеу.
Достарыңызбен бөлісу: |