Үндүбай Мұрат Қалелұлы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Атбасар ауданы «Жалпы білім беретін кешкі «ауысымдық» ОМ» ММ
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Отаншыл азамат тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
жазушының портреті, «Өшпес мұра» - жазушы туралы көрме, фотосуреттер, видеофильм, үлестіру қағаздар, сөзжұмбақ, тест.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Тақырып: І. Есенберлин – біздің жерлесіміз.
Мұғалімнің сөзі.
Өмірбаяны
Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. Оның жастық шағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына келді. Ол заман қайғылы оқиғаларға толы: аштық, кедейшілікті бүкіл халық көрген кез. Ілиясқа екі есе қиын болды, өйткені ол 5 жаста таза жетім болып қалды. Ілияс балалар үйінде тәрбиеленді. Сол уақытта болашақ жазушы бірінші өлеңдерін жазады. Бастауыш мектепті бітірген соң Ілияс Қызылордаға барады. Интернатта оқиды, жұмысқа тұрады. Содан кейін Алматы қаласындағы тау - кен институтына түседі. Дарынды жас жігіт тез арада көзге түсе бастайды. Ілиясты І съезінің делегаты етіп сайлайды. 1940 жылы Тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған қаласына жұмысқа орналасады. Сол жылдың күзінде әскерге алынады. Рига қаласында әскери-саяси училищесінде оқиды. Сол жақтан майданға бірақ аттанады. 1942 жылы ауыр жарақатпен госпитальге түсіп, 1943 жылы оны комиссовать етеді. Ілияс Қазақстанға оралады. 1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының аппаратында жұмыс істейді. 1937 жылы халық жауы атанған әділет басқармасының басшысы Хамза Жүнісбековтың қызына үйленеді.Сол жылы енесін «Алжирдан» алып келеді. Сонымен НКВД-ның көзіне түсіп қалады, 1949 жылы тұтқынға алынып, 10 жылға сотталады. Бірақ 5 жылын ғана өтейді. Ілияс һз шығармашылығын ақын болып бастаған. 1945 жылы оның «Айша», «Сұлтан» поэмалары жазылған.
Ілияс Есенберлиннің мұражайына сырттай саяхат (жазушының өмірі, шығармашылығы туралы сырттай саяхат жасау) видеофильм көру (14 минут).
Жазушының шығармашылығы.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
І.Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастады. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949ж.), революционер, большевик Ә.Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэма» (1957ж.), «Біржан сал трагедиясы» (1959ж.) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады «Өзен жағасында» (1960ж.), «Толқиды Есіл» (1965ж.), орыс тілінде жазған «Адам туралы ән» (1957ж.) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966ж.), «Қатерлі өткел» (1967ж.), «Ғашықтар» (1968ж.), «Қаһар» (1969ж.), «Алмас қылыш» (1971ж.), «Алтын құс» (1972ж.), «Жанталас» (1973ж.), тың туралы «Көлеңкемен қоңай жүр» (1974ж.) романдары. «Көшпенділер» трилогиясы (1976ж.), «Алтын орда»трилогиясы (1982-1983жж) «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983ж.), «Аққу құстың қуанышы» (1984ж.) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990жж) жарияланды. Есенберлиннің «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978ж.) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында кеңестік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
І. Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1965ж.) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962ж.) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігін жазған «Құйма» (1961ж.) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.
І. Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. «Схватка» («Айқас», 1957ж.); «Опасная переправа» («Қатерлі өткел, 1970ж.»); «Влюбленные» («Ғашықтар», 1970ж.); «Хан Кене» («Қаһар», 1971ж.), «Заговоренный меч» («Алмас қылыш», 1973); «Отчаяние» («Жанталас», 1974); «Прикрой своим щитом» («Көлеңкеңмен қорғай жүр», 1976); «Мангистауский фронт» («Маңғыстау майданы», 1981); «Золотая орда» («Алтын орда», 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк,ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы, «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел». «Ғашықтар», «Айқас» романдары бар.
І. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Көрме бойынша жұмыс.
Жазушының үздік шығармаларына сипаттама беру. «Көшпенділер романы».
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары - «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.
Жазушы І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің XY-XIX ғ.ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің, көркем тұлғасын жасайды.
«Алмас қылыш» романы – XY ғ. Оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман - хроника деп атауға болады. Роман - хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғаларың тізбегі басым келуі - жанрлық заңдылық. «Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың езінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы – Әбілхайыр, екінші жағы – Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбеп баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі – Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайы көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы – қазақ руларының бірлесуі, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани: Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды. Хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.
Трилогияның «Қаһар» атты кітабында І. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығында қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. «Қаһарда» қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы,тәуелсіздік үшін күресті.
Ұлы жазушы
Кинодраматург
Дарынды ақын
Ілияс Есенберлин
Драматург
Тарихшы
Қоғам қайраткері
Зерттеуші
Аудармашы
Тілші
|
|
ш
|
е
|
г
|
е
|
|
|
|
|
д
|
о
|
с
|
|
|
|
|
|
|
|
к
|
е
|
р
|
е
|
г
|
е
|
|
|
т
|
е
|
н
|
г
|
е
|
|
|
|
|
|
|
б
|
е
|
л
|
б
|
е
|
у
|
|
|
т
|
е
|
р
|
е
|
з
|
е
|
|
|
и
|
б
|
р
|
а
|
һ
|
и
|
м
|
|
|
қ
|
ұ
|
л
|
|
|
|
|
|
|
|
б
|
и
|
л
|
і
|
к
|
|
|
А
|
қ
|
а
|
н
|
|
|
|
|
|
Гвоздь
Друг
Часть юрты
Национальная валюта
Ремень
Окно
Настоящее имя Абая
Как называется раб
Власть
... сері
ІV. Сабақты қорытындылау. Тест бойынша жауап бер.
І.Есенберлин қай қалада туды?
А) Көкшетау
Ә) Қызылорда
Б) Ақмола
В) Атбасар
Ол қай жылы туды?
А) 1900
Ә) 1945
Б) 1979
В) 1915
«Көшпенділер» трилогиясы қай ғасырларды суреттейді?
А) ХІІ - ХІІІ
Ә) ХV - V
Б) ХV - ХVІ
В) ХV - ХІХ
І.Есенберлин қай қалада мектеп бітірді?
А) Алматы
Ә) Тараз
Б) Қызылорда
В) Шымкент
І.Есенберлин кім?
А) жазушы, сазгер, ақын
Ә) аудармашы, жазушы, суретші
Б) ақын, жазушы, тарихшы
В) зерттеуші, әнші, ақын
Жазушы неше роман жазды?
А) 12
Ә) 9
Б) 19
В) 21
Ол қай жылы қайтыс болды?
А) 1979
Ә) 1983
Б) 1986
В) 1987
Қандай роман үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
А) «Алыстағы аралдар»
Ә) «Айқас»
Б) «Маңғыстау майданы»
В) «Алтын орда»
V. Үйге: оқу, әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |