Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Қазақтың ұлттық тағамдары»



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі229,87 Kb.
#9725
түріСабақ
  1   2
Ақмола облысы Атбасар ауданы

Есенкелді орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пінінің мұғалімі

Смағұлова Кенжетай Джамболқызы



6 сынып 
Сабақ тақырыбы:
Ұлттық тағамдар 
Сабақтың мақсаты:
 
1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау. 
2. Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту. 
3. Тәрбиелік:  қазақтың салт- дәстүрлерін құрметтеп,кішіпейілдікке,мейрімділікке,бауырмашылдыққа,қонақжайлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны. 
Сабақтың типі: Қайталау сабағы. 
Сабақтың әдісі: ой толғау,сөйлесім, тыңдалым,жазылым әрекеттері,сұрақ жауап

  • Сабақтың көрнекілігі: 
    1. Интерактивтік тақта. 
    2.Конкурс тапсырмалары(шариктарға жапсырылған тапсырмалар) 

3.Фишкалар.

Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс. 
Сабақтың барысы: 
І. Мұғалімнің сөзі:- Сәлемдесу.Сәлеметсіңдер ме?Отырыңдар. 

Ой қозғау. «Дастарқан» атты мультфильмін көрсету.



ІІ. – 1. Қазақта дастарқаннан , дәмнен үлкен нәрсе жоқ.

Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі.

Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады.Олар: ет,сүт,нан тағамдары.

Қазақтың басты ұлттық тағамы -ет.Етін жеп,сорпасын ішеді.Жылқының етінен қазы,қарта,жал,жая дайындайды.Қуырдақ қуырады.Суық жерде тұрса да,жылқының сорпасы қатпайды,тоңазымайды



2.Фотодиктант жүргізу.

3. Дастарқанға байланысты ырымдар мен тыйымдар Дастарқанға алдымен нан қойылады.

Келіндер төрден қайтқан табаққа сәлем жасаған.

Асты жамандамайды.

Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді.

Дастарқан қайырылмай ешкім орнынан тұрмайды.

Дастарқаннан аттамайды.

Дастарқандағы дәм,тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.

Тамақ ішуге шақырғанда,тамақты көп күттіруге болмайды.

ІІІ. Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады. 

- Ойынның мақсатымен, шартымен таныстыру. 
Ендеше бүгінгі «Бақытты сәт» ойынымызды бастайық. 

I-гейм «Бой сергіту» 
Команданың әр мүшесіне карточка беріліп, дайындыққа 1минут уақыт бөлінеді. 1минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп, сәйкес фишка алады. 

Сусындар командасы 

1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

2. Шұжық ненің етінен жасалады?
3. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Тағамдар командасы 

  1. Айран ненің сүтінен жасалады?

  2. Қазы, қарта, жая ненің еті?

  3. Құрт неден жасалады?

II-гейм «Шашылған бауырсақтар» 
Тапсырмалар жазылған карточкалар: (олар шариктарға жапсырылған, шариктар бір табақта) 
1.Мына сөйлемді аудар: 
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды) 
2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш не істеді?қайтті? деген сұраққа жауап береді) 
3.Мына сөйлемді аудар: 
Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -ірімшік, сүт, құрт, май.) 
4. Мақал-мәтелді аяқта: 
Ат-адамның қанаты, 
(Ас- адамның қуаты) 
5. Сөйлем мүшелерін ата: 
(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 
6. Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы) 
7. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері? 
(тұрлаусыз) 
8. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары) 
9. Мына сөздің синонимін тап :ас ...
10. Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды ата: (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) 
11. Мына сөйлемді аудар: 
В Казахстане есть санаторий где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар). 

III-гейм. Фонетика әлемінде .
Мұнда мұғалім тақтаға әр командаға бір сөйлемнен жазады. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады 
Сусындар командасы 
1) Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі. 
Тағамдар командасы 
1) Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды. 
IV-гейм «Сен маған, мен саған» 
Үйден ас туралы 3 мақал жаттап келу.Бірінші топ мақалдың алғашқы жолын айтады,екінші топ жалғастырады және бір-біріне сыйлайды.


1.Ат- адамның қанаты,

Ас - адамның қуаты.

2.Ас атасы-нан .

3.Ас- адамның арқауы .

4.Ас қадірін тоқ білмейді .
V-гейм. « Сенің сүйікті ұлттық тағамың не?» ой толғауы 

ІV.Қорытынды. Рефлексия.


СЕМАНТИКАЛЫҚ КЕСТЕНІ ТОЛТЫРУ.

ТАҒАМНЫҢ АТАЛУЫ

ЕТ ТАҒАМДАРЫ

СҮТ ТАҒАМДАРЫ

ҰН ТАҒАМДАРЫ

ҚУЫРДАҚ










ҚЫМЫЗ










ТАБА НАН










ҚАЗЫ










ІРІМШІК










БАУЫРСАҚ










ҚАРТА










ШҰБАТ










ҚҰРТ










ҚАЗАҚША ЕТ










КӨЖЕ










ШЕЛПЕК










Тәрбиелік сәті. «Дастарқан» әнін айту.
V. Үй жұмысы: Дастарқан батасын жаттап келу.

Бақ қонсын,

Дәулет дарысын.

Бас аман болсын,

Ден сау болсын.

Отбасыңыз мерекелі болсын!
Дастарқаныңыз берекелі болсын!


Әумин!
VI.Бағалау.



6 сынып 
Сабақ тақырыбы: Ұлттық тағамдар 
Сабақтың мақсаты:
 
1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау. 
2. Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту. 
3. Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеп, кішіпейілділікке, мейірімділікке, бауырмашылдыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны. 
Сабақтың типі: Қайталау сабағы. 
Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, сөйлесім, тыңдалым, жазылым әрекеттері, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: 
1. Интерактивтік тақта. 
5.Конкурс тапсырмалары. 
Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс. 
Сабақтың барысы: 
І. Мұғалімнің сөзі:- Сәлемдесу.Сәлеметсіңдерме?Отырыңдар. 
І слайд. Мақал- мәтелдің мәнін түсініп жаттау.

Ат- адамның қанаты,

Ас- адамның қуаты.

ІІ слайд. Тыңдалым.Сөздікпен танысу.

ІІІ слайд.Жазылым. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
ІV слайд. Оқылым.1.Мәтінді түсініп оқу.

Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі.Еттен түрлі тағамдар жасайды.Қазақтың басты ұлттық тағамы ет.Етін жеп,сорпасын ішеді.Жылқының етінен қаза,қарта,жал,жая дайындайды.Қуырдақ қуырады.Суық жерде тұрса да,жылқының сорпасы қатпайды,майы тоңазылмайды.Жылқының еті өте сіңімді болады.

2. Қымыз
Қымыз – бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.
Сүт
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.(Ө. Тұрманжанов).

V слайд.Сөйлесім.Диалогты толықтырып сөйлесу (жұптық жұмыс)



  1. - Сен тамақты күніне неше рет ішесің ? - ………

2- Бүгін таңертең сен не жедің, не іштің? - ……………………

3- Сенің сүйікті тамағың не ? - ……………………

4- Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма ? - ……………………….

  1. - Қазақтың қандай ұлттық тамағын білесің ? - …………………………

6. - Қандай ұлттық сусындарды білесің ? - ………………………

  1. - Оларды ішесің бе ? - ……………………

  2. - Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің ? - ……………………………….

  3. - Ертең сен біздің үйге қонаққа кел. Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.

9 - Рахмет. Әрине, барамын.

vІ слайд.Дастарқанға байланысты тыйым сөздер.

Дастарқаннан аттамайды.

Дастарқандағы дәм,тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.

Тамақ ішуге шақырғанда,тамақты көп күттіруге болмайды.

vІІ слайд.Рефлексия.



Сонымен сабақты қортындылайық:

Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата?

- Ет тағамдарын атаңдар? 
- Сүт тағамдарын атаңдар? 
- Нан тағамдарын атаңдар? 
- Жылқы, сиыр, түйе не береді? 
- Шұжық неден жасалады? 
- Ұлттық тағамдарды ата? 

VІ. Үй жұмысы: Дастарқан батасын жаттап келу.

Отбасыңыз мерекелі болсын!
Дастарқаныңыз берекелі болсын!




Қазақ дастарқаны. Қазақ тілінен ашық сабақ+флипчарт

Сабақтың мақсаты:
1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар бойынша әңгімелеуге; қазақтың ұлттық тағамдары, оның түрлерін біліп, салт-дәстүр бойынша сәлемдесу, әңгімелесу жоралғылары бойынша сөйлесе білуге үйрету. Есімшені қайталап, тапсырмаларды орындау.
2.Білімін, сөздік қорын, ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сауаттылығын жетілдіру.
3. Қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеп, кішіпейілділікке, мейірімділікке, бауырмашылдыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: коммуникативтік, сөздік жұмыс, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, ассоциация, деңгейлік жұмыс, тест.
Қолданылған технология: сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлеп оқыту, ақпараттандыру технологиялары.
Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ электронды оқулығы № 4555 (e-learning), актив студия (флипчарттар), суреттер, компьютерлер.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.1.Сәлемдесу.
1.2.Кезекшімен сұхбат,
1.3. Оқушыларды түгендеу.
1.4. Сабаққа дайындықты тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Есімше дегеніміз не?
2. Оның неше шағы бар? Мысал келтіріңдер.
3. Шығармаға тоқталып өту.
ІІІ. Жаңа сабақ. (сабақтың мақсатымен таныстыру)
1.«Жасырын сурет» ойыны бойынша ұяшықтардағы нөмірлерді айтып, сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап берген сайын сурет ашылады.
1.Таңғы асқа не жейсің?
2.Сүйікті асың не?
3.Қандай тағамды жеп көрмедің?
4.Қандай тағамды жеп көргің келеді?
5.Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің
6.Қазақтың қандай ұлттық тағамы ұнайды?
Сонымен, қазақ дастарқаны суреті ашылады. Яғни, бұл - бүгінгі сабақтың тақырыбы.
2.Сөздік жұмыс.
Бекер айтпаған – не зря говорится
Ерекше мән берген – особое внимание уделял
Ежелгі дәстүр бойынша – по древней традиции
Жаңа сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастыру. 

Қазақ дастарқанында әрқашанда бата берілетіндігі айтылады. Оқулықтың 98-бетіндегі батаға тоқталып өтіледі.
Отбасыңыз мерекелі болсын!
Дастарқаныңыз берекелі болсын!
2. Суретпен жұмыс.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қазақ дастарқанында не бар?
- Ұлттық тағамдар қандай түрлерге бөлінеді?
(келесі флипчарт беттерінде ет, сүт, нан тағамдары көрсетіледі)

3.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, айтып беру. 

ІY. Бекіту. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік жұмыс.
1-деңгей.
1. Тапсырма. Мәтіннен есімшелерді табыңдар.
2.Сызбаны пайдаланып, палауды әзірлеу үшін қандай тағамдар керек екенін айтып беріңдер. (палауға қажетті сөздерді жылжыту арқылы «Палауды пісіру үшін не керек?» сөзінің үстіне түседі де, қажет емес сөздер артына кетеді)

2-деңгей.
2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.
Берілетін сый, тамақ пісіретін, баратын үйіміз, күтілетін қонақ.
3. Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жазыңдар.
Сын есімдер: жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, қою, майлы, дәмді, қатты, жас
Зат есімдер: ет, нан, тамақ, сорпа, шай, қазы, шелпек

3-деңгей.
1.Электрондық оқулықтағы 4,5-тапсырмаларды орындаңдар. «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ электронды оқулығы № 4555 (e-learning). (бірнеше оқушы компьютерлерде жұмыс жасайды)
2.Сен мұны қазақша айта аласың.
1.Біреудің көңіл күйі туралы қалай сұрайсың?
2. Досыңды, танысыңды қонаққа қалай шақырасың?
3. Қонағыңды қалай қарсы аласың, не деп айтасың? 
4. Дастарқанға қалай шақырасың?
5. Қандай тілек айтасың?

Y. Қорытынды. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойып, білімін бекіту.
1. Тест. Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ электронды оқулығы № 4555 (e-learning). 
2. Ассоциация "Қазақ дастарқаны"

YІ. Бағалау. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ және тест тапсырмалары бойынша оқушылардың білімін бағалау.

YІІ. Үйге тапсырма: 98-бет. 1. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып 
жазыңдар.
2. Дастарқан батасын жаттау.
3. Жаңа сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет