Гидросфера-Жердің су қабығы
Жармухамбетова Арухан Зейновна
М.Маметова атындағы № 27 физика-математика
бағытындағы мектеп-лицейінің
география пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Жердің су қабығы, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы түсінік беру;
Дамытушылық
Топпен жұмыс істету арқылы, ойын жеткізе білуге үйрету арқылы, гидросфера туралы түсініктерін дамыту;
Тәрбиелік
Су-тіршілік көзі екенін ұғындыра отырып, оны қастерлеуге, ластамауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карта, тест, сызба, бағалау жұлдызшасы.
Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Биология, дүниетану, т.б.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( Сынып екі топқа бөлініп, тапсырмалар орындап сайысады. Сабақ барысында екі топқа да ортақ тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріліп отырады. Нәтижесінде көп жұлдызша жинаған « Жеңімпаз топ», көп жұлдызша жинаған « Білгір оқушы» анықталып, марапатталады).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . ( Үй тапсырмасын тексеруде төмендегі тапсырмалар орындалады).
1.Материктердің атын білесің бе?(сұрақ-жауап)
1.Бұл материкте өте ыстық, мұнда әлемдегі ең үлкен шөл - Сахара және ең ұзын өзен - Ніл орналасқан;
2.Бұл материкте өте суық, бірақ мұнда пингвиндер өмір сүреді, "құстар базары" бар;
3.Бұл материкті Солтүстік .... және Оңтүстік ...... деп айтуға болады;
4. Бұл материкте ерекше жануарлар өмір сүреді, олар: қалталы iбiлiс, түрпі, қалталы аю, кенгуру, т.б.
5. Бұл материк - ауданы бойынша ең үлкен материк, мұнда ең үлкен жазық пен ең биік тау бар.
2. Материктер мен аралдар тапсырмасы:
1. Материктерді үлкендігі бойынша 2. Аралдар қандай үш топқа
рет-ретімен орналастыр бөлінеді?
3. Кескін картаға материктерді тауып, боя.( интерактивті тақтадағы кескін картаға материктерді тауып бояп, атын жазады).
ІІІ. Жаңа сабақ.(Оқушылардың қызығушылықты оятып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында төмендегі суреттерді ұсындым. Оқушылар осы суреттерге қарап, жаңа сабақтың тақырыбын табу керек)
Достарыңызбен бөлісу: |