Тақырыбы: Көсемше
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көсемше, оның жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жаттығу, шығармашылық жұмыстар жасау арқылы әдеби тілде сөйлей білуге баулу,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Өтілу әдісі: талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру
Көрнекілігі: сызба, кесте, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. « Кездесу » ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Топқа бөлу. Спикер тағайындау. Топ басшысына бағалау парақшасын беріп, бағалау жолын түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақтада бұлт жапқан күннің бейнесі салынған. Бұлттарға әр түрлі тапсыр-малар жазылған.
-Балалар, сендер бүгінгі жаңа тақырыпты білгілерін келе ме?-Ендеше тақтаға назар аударайық. Біздің тақырып жазылған күнімізді бұлт басып қалыпты. Әр бұлтта өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсыр-малар берілген. Оларды орындасақ тақырып жазылған күніміз ашылады. 1.Есімше дегеніміз не?
2.Есімшенің жасалу жолдарын түсіндір.
3.Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
4.Есімшеге мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызамын.
Көсемше жайлы түсінік беру.Слайд арқылы жасалу жолдарын көрсету
-Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде қолданылады. Сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Жасалу жолдары:
Көсемше етістік түбірлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1).-а, -е, -й.
2) –ып, -іп, -п.
3) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
ІV. Жаңа сабақты пысықтау
1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс:
І топқа. 204-жаттығу. Мақалдардан көсемшелерді теріп жазу. Жұрнақтарын ажырату.
ІІ топ: 205- жаттығу. Көсемшелерді тауып, жұрнақтарын бөліп көрсету.
«Жұмбақ» сөзіне кластер жасау.
ІІІ топ: 206-жаттығу. Көсемшелерді тауып жұрнақтарын ажырату.
2. Семантикалық карта. «Ойлан тап».
Мысалдар Есімше Көсемше
Келіп +
Жүргелі +
Айтармын +
Өспейді +
3.Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті көсем-шелерді қою.
1. Алтау ала болса ауыздағы ......................,
Төртеу түгел болса төбедегі ....................... .
2.Оқып сөйлеме,
Көңіліңе ..................... сөйле.
3.Сауатсыздың сөзіне ....................... құлайсың.
4. .................................... көсем боларсың,
.................................... шешен боларсың.
5. Ақылды адам арын ........................ .
Сараң адам малың .......................... .
6. Еңбек етсең .................................... .
Тояды қарның .................................
4) Сергіту сәті. «Суретті аяқта» ойыны.
5) «Орамал тастау» ойыны
1-оқушы түбір етістік айтады.
2-оқушы оны көсемшеге айналдырады.
ІҮ) Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы.
Есімше Көсемше
V. Рефлексия.
VІ. Үйге тапсырма беру. Ереже жаттау. 203-жаттығу.Суреттер топтамасындағы 8, 9 суреттерге қарап қыс, қысқы жылқылар тірлігі туралы мәтін құрау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау. Әр топтың спикері бағалау парақшасы ар- қылы өз тобының мүшелеріне баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |