Сабақтың мақсаты: Білімділік: көше туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету



бет7/7
Дата20.06.2018
өлшемі1,33 Mb.
#43349
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
3-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Жаз.

(оқушыларды сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету және сауатты жазуға төселдіру)

  • Көшеде нелер бар?

І топ «Алғырлар» тобының жауаптары

ІІ топ «Білгірлер» тобының жауаптары

  • Көшеде ағаштар бар. Көшеде аялдама бар. Көшеде дүкендер бар. Көшеде машиналар бар.


Сергіту сәтін өткізу. «Көңілді күн»
4-тапсырма. Диалогті оқы.

(Жұппен жұмыс. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту)

  • Бұл не?

  • Бұл – көше.

  • Көше қандай?

  • Көше ұзын, кең.

  • Көшеде нелер бар?

  • Көшеде аялдама, автобус, машиналар бар.

  • Аялдамада не тұр?

  • Аялдамада автобус тұр.


Ү. Сабақты қорытындылау. «Полиглот» ойыны арқылы

Берілген жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш) – дерево – tree
Үш көздi батыр,
Жолды андып жатыр.

 (бағдаршам) – светофор - traffic lights
Тәттілердің барлығы,

Сатылады сол жерде.

Ол не? (дүкен) – магазин - shop
Шатыры бар, есігі бар,

Терезесі бар, іргетасы бар ғимарат.



Ол не? (үй) – дом - house
ҮІ. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау, жұмбақтарды оқу.

ҮІІ. Бағалау. (әр оқушыны жеке бағалау)

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Макинск қаласы мектеп-гимназиясы» КММ


МЫНАУ – КӨШЕ

(аудандық семинар бойынша ашық сабақ)



Өткізген: Сейдуллаева Г.Т.

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет