Сабақтың мақсаты: Білімділік: көше туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету



бет1/7
Дата20.06.2018
өлшемі1,33 Mb.
#43349
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Сабақтың тақырыбы: Мынау – көше.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көше туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сауатты жазуға икемдеу, қатесін түзей алуға қалыптастыру.

Тәрбиелік: көшеде жүру ережесін және қоғамдық көліктегі мәдениетті сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, диалог, топпен, жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлығын тексеру.

  • Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп өзімізге,

Біз сабақты бастайық.

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.

Ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер? (Оқушылар өз тілектерін айтады)


  • Мен бүгін бәрімізге сәттілік тілеймін!

  • Мен жақсы баға тілеймін!

  • Мен бәрімізге зеректік тілеймін!

  • Мен шыдамдылық тілеймін!

  • Мен шығармашылық тілеймін!

Ал қазір сендер екі топқа бөлініңдер.

І топ «Алғырлар» (қызыл)

ІІ топ «Білгірлер» (көк)

ІІ. Жаңа сабақ.

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.



Суреттер беріледі, сол суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

Иә, балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз – Мынау көше. Көшеде нелер бар? Көше қандай болады?



ІІІ. Сөздікпен жұмыс. (Жаңа сөздерді мұғалімнің көмегімен үш тілде дауыстап, хормен қайталайды)

Көше – улица - street

Аялдама – остановка – bus stop

Үй – дом - house

Дүкен – магазин - shop

Бағдаршам – светофор – traffic lights



Ағаш – дерево – tree
ІҮ. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қара. Оқы.

(интерактивті тақтада суреттер беріледі)

көше


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет