Шеткі тігістер (жиектік)
Жиектеу
Жөрмеу
Бүгіп тігу
Жиектеу. Жиектеудіңде екі түрі бар: жиектеудің ашық түрі және жиектеудің жабық түрі.
Жиектеудің ашық түрін (видиоролик) бұйымның шеткі қиықтарында қолданылады, бұйым етектерінде, жең аузында, мойын ойындысында, қолтық ойындысында, желбіршек шетінде т.б.
Өңдеу жолы: жиек қиғаш 45˚ бағытта пішіледі және ені 2 см болу керек. Жиек пен бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0,5 см сырып тігіледі, жиектің екінші жақ қиығын бөлшектің теріс жағына қарай айналдырып көктеу, Тігістен 0,1 см бастыра тігіледі, баса үтіктеледі.
Жиектеудің жабық түрінде (видиоролик) жиектеудің ашық түрі сияқты бұйымның шеткі қиықтарында қолданады, бұйым етектерінде, жең аузында, мойын және қолтық ойындысында, жаға, қақпақша, қаттама шеттерін безендіру ретінде қолданылады.
Өңдеу жолы: 45˚ бағытта пішіледі және ені 2,5 -3,5 см болу керек. Жиек пен бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0,5 см сырып тігіледі, жиектің екінші жақ қиығын 0,5 см бүгіп, бөлшектің теріс жағына қарай айналдырып көтеп, 0,1 см бастырып тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |