Сабақтың мақсаты: білімділік мақсаты



бет5/14
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34579
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ашық кескінді тігісте кескіні мен кескіндеме белгілерін біріктіру тігісіндегідей бөлшектердің оң беті ішке қаратылып теңестіріледі. Бір жабық кескінді тігісте кескіндер бір-бірімен паралельді түрде орналасады және төменгі бөлшектің кескінін үстіңгі бөлшектің кескінінен тігіс еніне өткізіп тігіледі. Бөлшектер сырып тігіледі. Матасы сетінейтін бұйымдардағы ашық кескіндер торлап алады, ал ашық кескінді тігістерде шеттерін торлау тігу-торлау машинасын қолдана отырып, біріктіріп тігу тігісін жүргізу кезінде жүзеге асырылады немесе торлау тиісті жүргізілгеннен кейін жасалады. Бір ғана жабық кескіні бар тігісте ашық болатын тек төменгі бөлшекті ғана торлайды.

Жүннен жасалған бұйымдардағы қосымшалар алдымен нақты тігіс сызығын алу үшін ажыратып жатқыза үтіктеп алады. Сосын оң бетінен сырып тігілетін тігіске, байланысты бөлшектің, тігілу жағына қарай жатқызыла үтіктеледі.

Ине астындағы кескін деңгейі шектегіш сызғыш көмегімен реттеледі. Ол машина платформасында бекітілген және төменгі бөлікке арналған. Ал машинаның табан бөлшегінің оң жағына бекітілген немесе табан стерженіне киілетін шеттегіш борты бөлшектің үстіңгі бөлігіне арналған.

Үстінен тігілген тігістер ашық кескінді, жабық және екі жабық кескінімен болады. Тігісті бөлшектің оң бетінен бір ғана тігіспен орындайды. Ондағы бөлшектер көрсетілген белгі сызықтары немесе бұрынғы орындалған тігісі бойынша бір-бірінің үстіне қойылып тігіледі.

Ашық кескінді тігіс бұйымның оң бетінен көрінбейтін бөлшектерді біріктіруге қолданылады. Яғни, бүкпелерді және астар бөлшектерін зиг-заг тәріздес тігіспен біріктіру немесе өрнекті сызықтық айқаспа тігісімен тігу, (кескіннен тігіске дейінгі арақашықтық 3-5 мм); тік жағаның кескінін пальто немесе костюм мойнына тігу (мойын ойындысының кескінінен тігіске дейінгі арақашықтық 7-10 мм). Дәл осы тігіспен шалбардағы қалта астарына әдіппен қалта қоймасы тігуді жүзеге асыруға болады. Кескіннің сетінеуін болдырмау үшін тігісті зиг-заг тәріздес тігісті машинада немесе екі инелі үш шөрнекті айқаспалы машинада жасалады.



Жабық кескінді үстінен тігілген тігісті қосымшаларды, бұйымның негізгі бөлшектерін клкеткасымен біріктіру үшін, сондай-ақ плащың және соған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдардағы бүкпелерді, кескіндерді біріктіру үшін; белдемшені біріктіру үшін; сонымен қатар, негізгі бөлшекке үстінен салмалы қалталарды, мойын ойындысы бойынша жағаны, сырмадағы әдіпті қосу үшін және т.б. пайдаланылады.

Екі жабық кескіні бар үстінен салмалы тігісті үш бөлшекті біріктіру үшін манжет жең ұшына тігу кезінде, шалбар және белдемшенің үстіңгі кескініне белдіктің төменгі кескінін біріктіру кезінде қолданылады. Тігісті арнайы құралдармен орындайды.

Бір-біріне түйістірілген тігіс ашық кескінді немесе бір немесе екі жақты жолақшалы жабық кескінімен немесе баулық болады. (сурет 16, а, ә). Бір-біріне түйістірілген тігістің ерекшелігі жазықтықта ашық немесе біріктірілетін бөлшектің қайырылған кескінін бір сызыөта түйістіру және оларды тігіспен бекіту болып табылады. Тігісті арнайы құралдармен жабдықталған екі инелі машинада орындайды және материал жолақшаларын тігу кезінде бөлшек кескіндерін қайырмай қосуғы болады.

Ашық кескінді тігістер бүкпелерді, өңір бөлшектерінің шеттерін астарымен, жұқа маталардан жасалған бұйымдарды дайындау кезінде жаға астарын, егер бұйымның оң бетінен тігу мүмкін болған кезінде біріктіру үшін қолданылады. Бұл жағдайда тігісті қосымша ені 5 мм болатын зиг-заг тәріздес тігіспен орындайды. Бұл тігіс кескіндердің біріктірудегі беріктілігін арттыру үшін жүзеге асырылады.

Матаның бір немесе екі жағының жолақшасы жабық кескіні бар тігістер киімді әрлеу кезінде қолданылады. Бір-біріне түйістірілген тігіспен белдік ұстағыштарды дайындайды және олар үшін жіпті екі инелі шөрнекті машинада орындайды, сонымен қатар киім бөлшектерін біріктіреді (сурет 16, б.).

Құлыпты біріктіру тігістерінің қосымшалары үлкейтілген болады жіне ішкі кескіндері берік бекітіледі. Бұл тігіске ерекше беріктілікті береді. Өйткені кесін бойынша жіптің метінеуіне, сондай-ақ тігіске кететін қосымша бойынша жылжуына кедергі болады. Сондықтан оларды жиі жуылатын және күрделі шарттарда қолданылатын киімдерде қолданылады: өндірістік киімдерде, астарсыз мақта матасынан жасалған сыртқы киімдерде, іш-киімдерді тігу кезінде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет