Сабақтың мақсаты: білімділік мақсаты



бет3/14
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34579
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Біріктіруші тігістер. Біріктіруші тігістерді (түрін) бірнеше түрге бөледі: сырып тігу, үстінен тігу, құлыптап тігу, екі тігісті және астына тігу.

Сырып тігу ең кең таралған тігіс түрі. Бұйымның оң бетінде тігіс көрінбейді. Сырып тігу тігісімен біріктірер алдында бөлшектерді оң бетімен бір-біріне қаратып, кескіндерін және шеттерін теңестіріп, тігіс енін шектеуші құралы бар сырып тігуші машиналарда тігіп шығады (тігіс енін шектеушіе- сызғыш, шеті бар табанмен және т.б.

Материалдың қалыңдығына және киімнің белгілену қызметіне байланысты сырып тігу тігісінің қосымшасына әр алуан шамалар беріліп отырады және оларды ылғал-жылулық өңдеумен бекітеді. Қосымшасы тігістің жандары бойынша орналасқан. Тігісті ажыратып үтіктелген тігіс деп айтады.

Біріктірілген және қосымшасы жағына жатқыза үтіктелген тігісті жатқыза үтіктелген тігіс деп айтады.

Үстінен тігілген тігістер ашық кескінді, жабық және екі жабық кескінімен болады. Тігісті бөлшектің оң бетінен бір ғана тігіспен орындайды. Ондағы бөлшектер көрсетілген белгі сызықтары немесе бұрынғы орындалған тігісі бойынша бір-бірінің үстіне қойылып тігіледі.

Ашық кескінді тігіс бұйымның оң бетінен көрінбейтін бөлшектерді біріктіруге қолданылады. Яғни, бүкпелерді және астар бөлшектерін зиг-заг тәріздес тігіспен біріктіру немесе өрнекті сызықтық айқаспа тігісімен тігу, (кескіннен тігіске дейінгі арақашықтық 3-5 мм); тік жағаның кескінін пальто немесе костюм мойнына тігу (мойын ойындысының кескінінен тігіске дейінгі арақашықтық 7-10 мм). Дәл осы тігіспен шалбардағы қалта астарына әдіппен қалта қоймасы тігуді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет