Тулегенова Айнур Есиркеповна
Шымкент қаласы, «№5 колледж» МКҚК
Машина жұмыстарының орны мен жабдықтары. Машина тігімдерін қалай, қай жерде қолдануға болатынын танып білу және меңгеру
МамандығыТігін өндірісі және киімді үлгілеу
Біліктілігі: Арнайы тігінші
Пәні: Киімді көркемдеп үлгілеу негіздері
Курс: І
Бағдарлама тақырыбы: Машина
Оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру: жеке дара, ұжымдылық, жалпылана
Сабақтың мақсаты:
білімділік мақсаты: машинамен жұмыс істеу орындарын ұйымдастыруды таныстыру. Машина тігістерін меңгерту, үйрету.
дамытушылық мақсаты: икемдері мен дағдыларын қалыптастыру, мамандықтары бойынша құзыреттіліктерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, білімдерін тереңдету, өзіндік жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік мақсаты: еңбекке баулу, уақыттарын тиімді пайдалануға, жұмыстарына ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарауға, анализ жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын оқу сабағы
Сабақтың көрнекілігі: плакат «Киім үлгілері», машина тігістердің үлгілері (біріктіруші, шеттік және көркем-сәнді), оқулықтар, тігістердің кескіні, дөңгелек кеспе-қағаздары (тігістердің кескінін орындау үшін).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: (3-4 мин.) білім алушылардың сәлемдесуі, ҚР әнұранының орындауы, білім алушыларды түгендеу және сабаққа мақсатты бағдарлау
ІІ Өткен сабақты пысықтау: (10 мин.)
Өткен сабақты қалай есіме сақтадым
“Тізбекті моншақ” ойынында моншақтарды тізбектеп, сұрақтарға жауап бере отырып жинайды:
Тігін бұйымдарын дайындауда қолданылатын жұмыстың түрлерін атап айтыңдар
Қол жұмысында қандай аспаптар мен жабдықтар қолданылады?
Қол инешаншымы мен тігістері қандай түрлерге бөлінеді?
Қол жұмысын орындаудағы техникалық шарттарын атап айтыңдар.
Қол ине шаншымы мен тігістерінің қолдануын атап айтыңдар.
Қол тігін жұмыстарын қауіпсіздік ережесін қайталау.
Түзу, қиғаш тігістер мен тігіс қатары.
Айқас, ілмек тәрізді және арнайы тігістер мен тігіс қатары. ІІІ Жаңа сабақ: (10 мин.) сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау. Бүгін біздер машина жұмыстарының орны мен жабдықтарын танып білеміз. Машина тігістерін бұйымды тігу кезінде қай жерінде қолданылатыны және қалай орындалатыны туралы үйреніп білеміз.
Машина жұмыстарының орны мен жабдықтары.
- жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек;
- отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10 - 15см болу керек;
- құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;
- тігіс машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны әзірлейді.
Үстіңгі астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің ұзындығын реттейді
Тігін машинасымен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті сақтау керек:
1. Тігін машинасын жұмысқа даярлау: Қозғалтқыш рычагты қосып, машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
2. Жұмысты бастау: тігілетін матаны табанның астына қыстырып, инемен шаншу, жұмысты жалғастыру.
3. Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгіленген орны бойынша бағыттап отыру.
4. Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарып, жіптерін қою; машинаны бос жүріске қою.
Тігін машинасымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі:
1. Іске шашты жинап, жеңді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
2. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
3. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
4. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау.
5. Жұмыс үстінде тігіп отырған оқушыларды алаңдатуға, олар арқылы заттарды беруге болмайды.
6. Аяқ машинасымен жұмыс істеген кезде жетек қайшысын қолмен ұстауға болмайды.
Машина жұмыстары
Машина жұмыстарының орны мен жабдықтары. Машина тігістері.
Достарыңызбен бөлісу: |