Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты



Дата24.02.2020
өлшемі18,14 Kb.
#58997
түріСабақ
Байланысты:
shk-energiya-zhne-ony-zgertu-tslder.

Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия және оны өзгерту тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: дененіц  ішкі энергиясы  ұғымын  беру және  ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру; оқушылардың сұрау, талдау жасау қабілеттерін дамыту;.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

1)     Жеке молекуланың қозғалысы жөнінде не айтуға болады?

2)  Суда еріген бояу бөлшектерінің қозғалыс траекториясы қандай? Неліктен?

3)     Дене температурасы  мен оның молекулаларының  қозғалыс жылдамдықтары қалай байланысқан?

4)   Жылулық қозғалыстың анықтамасын бер.Оның механикалық қозғалыстан ерекшелігі қандай?



5)   Газдар, сұйыктар және қатты денелердегі жылулық қозғалысқа сипаттамабер.

6)  Заттың  ішкі  құрылысы және жылулық қозғалыс жөніндегі  білімнің маңызы неде?мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері)

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі ұғымдар.

Механикалық энергия жэне оның екі түрі: кинетикалық және потенциялдык энергия.

Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуы. Осындай түрленулердің мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері).

Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы.Осы кезде дененің деформациялануы және қызуы.

Дененін ішкі энергиясы - денені кұрайтын барлық бөлшектердің қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әсерлесулерінің потенциялдык энергияларының қосындысы. Ішкі знергия-скаляр шама.



Ішкі энергия дененің температурасы мен агрегаттык күйіне тәуелді. Ішкі энергия дененің орналасу жағдайына ( дене тыныштықта ма, әлде қозғалыста бола ма) тәуелді емес.

Дененің толық энергиясы — механикалық және ішкі энергияларының косындысы кез- келген процестерде өзгермейді.

Температуранын артуынша қарай дененің ішкі энергиясы да артады, себебімолекулалардың орташа кинетикалык  энергиясы артады. Температураның төмендеуіне қарай дененің ішкі энергиясы азаяды.

Бір молекуланың потенциалдык және кинетикалык энергиясының аздығы.

Денеде молекулалар саны көп болса, сәйкесінше ішкі энергиясы да көп болады.

Сутегінің бір молекуласының ішкі энергиясы өте аз (5-10~!1Дж), ал 1 м3көлемдегі сутегінің ішкі энергиясы (140000 Дж).Осындай мөлшердегі энергия көмегімен массасы 5 т балғаны Зм биіктікке көтеруге болады.

Дененің ішкі энергиясы жұмыс атқарған кезде өзгереді.Егер денемен жұмыс атқарылса, онда дененің ішкі энергиясы артады.Дененің өзі жұмыс атқарса, онда дененін ішкі энергиясы кемиді.



ДененІң ішкі эпергиясын жылу берілу (жылу алмасу) арқылы да өзгертуге болады. Жылу алмасу температуралары әр түрлі денелер арасында жүреді.

Ішкі энергияны пайдаланудағы мәселелер. Тарихи мәліметгпер.

Энергия ұгымын 1807 жылы ағылшын ғалымы Томас Юнг енгізген. Кинетшалық энергия ұғымын ағылшын ғалымы Уипъям Томсон енгізген Мотенциальдық энергия ұғымын неміс ғалымы Герман Гельмголъц енгізген.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

1)  §3,4 сұрақтарын талдау.

2)В.И.Кем №16-36 сұрақтарын ауызша талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

Есептер шығарту



VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру:§3,4; №2 үйде орындалатын экспериментгік тапсырма.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет