Тәрбиелік міндеті- оқушылардың туған жерлердегі табиғат байлықтарын қорғауға және сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы. Қорықтар картасы және суреттер.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
Дидактикалық материалдар: карточкалар.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, өзінше ізденіс.
Топ басшыларының жарысы.
Екі топ басшыларына Қазақстанның кескін карталары беріледі. Оларға жүргізуші сұрақ қойып тұрады, басшылар сол қорықтарды немесе сұраққа жауап беріп кескін карталарға белгілейді.
Қоқиқаз, мекендейтін, қорықты көрсет (Қорғалжын).
Алматы облысы Алакөл ауданындағы қорық. (Алакөл)
Арал теңізіндегі қорық (Барсакелмес).
Қазақстанның оңтүстігіндегі қорық (Ақсу-Жабағылы).
Шығыс Қазақстандағы қорық (Марқакөл).
Көлемді қорық (Үстірт).
Қорытынды. Осымен бүгінгі жарыс сабағымыз (КВН) аяқталды. Қорықтар жайлы біраз мағлұмат алдық.
Сабаққа өте жақсы дайындалып
қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.
Үйге тапсырма.
Үйге қорықтар тақырыбын қайталау.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау.