Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың көп нүктенің қойылатын орындар



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,52 Kb.
#91292
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
нүкте сабақ
11 кл Т1 Қазақ тілі ЖМБ, 11 кл Т1 Қазақ тілі ЖМБ
даралаушы қызмет атқарады.


үтір (,),
қос нүкте (:),
жақшы (),
тырнақша («»),
с ызықша (-)


Сөйлем ішіне қойылатын:
ерекшелеуші қызмет атқарады.



үтір (,),
қос нүкте (:),
нүктелі үтір (;)
үтірлі сызықша (,-)

Құрмалас сөйлемнің аражігіне қойылатын
ойдың аражігін ажырату қызметін атқарады.

3- слайд. Көп нүкте қойылатын орындары:

  1. а) Айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіру үшін көп нүкте қойылады.

Мысалы: Енді о балаңыз... азамат боп кеткен шығар?
б) Негізгі ой желісіне қатысы жоқ басқа бір оқиғаны еске түсіру қажет болса, сөйлемнің ортасы мен азатжолдың басында да көп нүкте қойылады.
Мысалы: ... Аспан бұлтсыз, күн шаңқан ыстық еді. Қаланың орталығын түгел орап алған орманды таулар ыстықтан балбырап, мүлгіп тұр.
2. Сөйлеуші көңіл күйінің әсерінен қысылып сөйлей алмағанда, асығыс айтқанда, ойдың бөліну себептеріне байланысты дауыс ырғағындағы үзілісті білдіру үшін көп нүкте қойылады.
Мысалы: - Айдатып көр! Баратын жеріме барып, аяғыңды аспаннан келтірейін...
3. Айтуға, естуге қолайсыз, тұрпайы сөздердің орнына жазуда көп нүкте қойылады ла, мағынасы контекс арқылы ұғынылады.
Мысалы: Тәйт,әрі,... шіріген ауыз... іріген сөз шығады деген.
.4. Біреудің шығармасынан үзінді, дәйектеме алғанда, оны ықшамдап алуда үзілген жеріне көп нүкте қоюға болады.
Мысалы: Бұдан кейінгі жылдары қазақ балалар фольклорының әртүрлі үлгілері «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, мектеп оқулықтарында кеңінен пайдаланады...
5 Тарихи,ғылыми деректердің қолжазбаларда уақыт әсерімен өшіп, жойылып кетуі де кездеседі. Оларды жариялағанда, сілтеме жасағанда, осындай көрінбеген, түсініксіз болып тұрған жерлердің орнына көп нүкте қояды, ол тіпті тұтас бірнеше жол болуы мүмкін.
Мсыалы: ҮІІІ. қаған бердук орду (да)...
ІХ....................(оң йағыда)
Оғыз қаған туралы аңыз.
4–слайд. Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілер

  1. Адам бір мезгілде ерекше қуанады, шаттанады,таңданады немесе екіұдай ойда болады. Мұндай күйді білдіретін сөйлемнен кейін сұрау және леп белгісі қатар қойылады. Егер сұрақ сарыны басым болса, сұрау белгісі бұрын (?!), көңіл күй ауаны басым болса, (!?) леп белгісі бұрын тұрады.

Мысалы: Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат ?!
Шыңға шырқау қиын емес өренге
Құдіретті қазақ тілім, сен барда !?

  1. Ой аяқталмай , үзіліп қалған жағдайда оның бірінші бөлігі сұрау мағыналы болса, алдымен сұрау белгісі, одан кейін көп нүкте қойылады.

Мысалы: Мен бе ?... Мен ұрлатпаймын, аңқаулар алданбасын, біреулер мені жеңдім деп малданбасын дегенім ғой...

  1. Көңіл - күйді білдіретін сөйлемдерде ой аяқталмай, кілт үзілсе, тыныс белгілері қатар қойылады.

Мысалы: Жаса мәңгі, менің тілім ! Киелім,
Саған ыстық махаббатым өзгеше !...

  1. Ойдың аяқталмай қалғандығын білдіретін сөйлемдерде үтір, тырнақша, сызықша, көп нүктеден кейін қойылады.

Мысалы: Апам терең ғып тігіп берген... Ә...,ә... сендерде ондай жоқ –ау ?
5-слайд ІҮ Жаттығулар жұмысы.
І топқа 153 – жаттығуды ауызша талдату. Тыныс белгінің қойылу орнын анықтау. Көнерген сөз таптыру.
ІІ топқа 154- жаттығу. Тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздерді құрамына талдау, көп, қарасы, дәу сөздерінің синонимін табу.
ІІІ топқа 155- жаттығу. Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп оқу,тыныс белгінің орнын анықтау, сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтарды табу, қарамен жазылған сөздердің синонимін табу.
6- слайд Ү Мақал - мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою

  1. Ердің сыншысы … Отан

2 Атаңның баласы болма ... баласы бол. без
3 Өлімнен ... күшті. елі
4 .... отбасынан басталады. халқыңның
5 Панасы жоқ таудан... ұят



7-слайд ҮІ Сөйлемдерді жан - жақты талдау
І Сөйлемдерге морфологиялық, синтаксистік талдау жасаңдар.
І топ Қазақ мүшел жасын жасырады, оны басқаларға айтпайды.
ІІ топ Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.
ІІІ топ Бүгін жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет