Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің ауданы



бет2/2
Дата28.11.2019
өлшемі300,31 Kb.
#52646
түріСабақ
1   2
Байланысты:
11 каз геометрия
Кайрбаева М. ҚМЖ

Сергіту сәті- 1мин.

  • Бой сергітетін жаттығу жасап, тынығып алдық.

    Енді біз көпжақтарға арналған есептерді шешеміз. Ол үшін жұптық жұмыс жүргізейік.

    Әр жұпқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Жұптар оқушылардың деңгейіне байланысты беріледі.

    Жұптық жұмысты тексеру критерийлері беріледі.

    Жинақталып, тиімді әдіс- тәсілдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді тиімді қолдануларыңды сұраймын.

    Алдымызда ҰБТ күтіп тұр, сол сынақтан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін.



    1. Есеп:

    Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 8см, ал оның табан қабырғалары 6 см және 5 см. Параллелепипедтің көлемін табыңдар.

    Жауабы: 8*6*5=240 см3.



    1. Есеп:

    Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 22см, ені 10см, биіктігі 16см тең. Параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар.

    Жауабы: 1464см2.



    1. Есеп:

    Пирамиданың табан қабырғалары 6см, 10см, 14см болатын үшбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры табанымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың көлемін табыңдар.

    Жауабы: 70см3.



    -Алғашқы дұрыс шығарған жұп тақтаға жазып, шығарып көрсетеді.

    Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу:

    №1.

    1. Табаны параллелограмм болатын призманы ...................... деп атайды.

    2. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері 4,5,6 см болса, көлемін тап.

    №2.

    1. Пирамиданың төбесінен оның табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр ..................................................... деп аталады.

    2. Кубтың қыры 5см болса, көлемін тап.

    №3.

    1. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы: ..........................

    2. Егер тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 2,3,6 болса, оның диагоналі нешеге тең болады?

    №4.

    1. Әрі тік, әрі табаны дұрыс көпбұрыш болатын призманы ................................................... деп атайды.

    2. Призманың элементтерін ата.

    №5.

    1. Пирамиданың элементтерін ата.

    2. Кубтың қыры 6см болса, көлемін тап.

    №6.

    1. Кубтың көлемі 125см3 болса, оның қыры нешеге тең болады?

    2. Табаны параллелограмм болатын призманы ...................... деп атайды.

    Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу:

    Алдымызда ҰБТ күтіп тұр, сол сынақтан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін.



    -Көпжақтар күнделікті өмірде қолданылады ма?

    Иә: архитектурада, құрылыста, ауыл шаруашылығында.

    Біздің негізгі мақсатымыз – мектептегі алған білімімізді өмірде дұрыс қолдана білу. Сондықтан, мен сендерге күнделікті өмірмен байланысты есеп ұсынғым келеді.



    Есеп:



    1. сурет 2- сурет

    Мына суретте тұрғын үй берілген. Бұл үйдің шатыры пирамида тәріздес.

    2-суретте осы шатырдың математикалық моделі берілген және кейбір қырларының ұзындықтары берілген.

    Берілген суретте шатырдың едені- АВСД квадрат, EFGHKLMN- тұрғын үйдің шатырын ұстап тұратын бөренелердің пішіні – тікбұрышты параллелепипед болып келеді. Е- АТ қырының, Ғ- ВТ қырының, G- СТ қырының, H- ДТ қырының ортасы. Пирамиданың барлық қырлары тең және олар 12см- ге тең. Осы тұрғын үйдің шатырының көлемін табыңдар.

    Жауабы: 288 м3
    Рефлексия:

    Тест:


    1.Өз жұмысымның нәтижесі ретінде деп санаймын:

    А. Теорияны меңгердім. В. Есеп шығаруды үйрендім.

    С. Өткен материалды қайталадым.

    2.Есеп шығаруда Сізге сабақта не жетіспеді?

    А. Білім. В. Уақыт. С. Ықылас.

    3.Сабақтағы қиындықтарды жеңуде кім көмек көрсетті?



    А. Сыныптастар. B. Мұғалім. С. Оқулық. D. Ешкім емес.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет