Сабақтың тақырыбы:
«Көпжақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің ауданы,
толық бетінің ауданы, көлемдері туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-
тәсілдерді қолдану;
Дамытушылық: көпжақтар туралы білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық
ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.
Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;
Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада
дүниетанымын дамыту.
Кажет құрал –жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, көпжақтар, компьютер, проектор,
презентация.
Сабақтың өту барысы:
-
Тақырыпты анықтау, ұйымдастыру
-
Үй жұмысын тексеру
-
Оқыту мотивациясын құру сәті
-
Білімнің маңыздылығы
-
Есептер шығару
-
Сергіту сәті- 1мин
-
Рефлексия- 2мин.
Сабақтың барысы:
-
Сыныпты қарсы алу, сәлемдесу; «Шаттық шеңбері» - 2 мин.
Мақсаты: ҰБТ- ны жақсы тапсыруға өз тілектерін айту.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын,
ҰБТ-да жолың болып,
Болашағың жарқын болсын!
-
Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау – «Көпжақтар» тақырыбына «Кроссворд шешу»
Егер сендер мына кроссвордты дұрыс шешсеңдер, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айқындалады.Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өте ерекше болмақ.
Cұрақтары:
-
Барлық қырлары тең тікбұрышты параллелепипед – куб.
-
У=2х+1 қандай функция- өспелі.
-
Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер- параллель
-
Стереометрияның негізгі фигураларының бірі- жазықтық.
-
Дұрыс пирамиданың бүйір жағынан түсірілген биіктік- апофема.
-
Нүктенің арақашықтығын сақтайтын кеңістіктегі түрлендіру- қозғалыс.
-
Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем- теорема.
-
Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем- аксиома.
-
Шеңбердің центрінен оның кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық- радиус.
Крассвордты шешу арқылы оқушылар сабақтың мақсатын өздері айқындайды.
- Бүгінгі сабағымызды өткізу үшін сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтап алдық.
«Фронтальды сұрақтар» қою:
«Призма» тақырыбына арналған сұрақтар:
-
Призманың қандай анықтамасын білесіңдер?
-
Призманың түрлері қандай?
-
Призманың элементтерін атаңдар.
-
Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді?
-
Дұрыс призма деп қандай призманы айтамыз?
-
Призманың бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданы қалай есептеледі?
«Пирамида» тақырыбына арналған сұрақтар:
-
Пирамиданың қандай анықтамасын білесіңдер?
-
Пирамиданың түрлері қандай?
-
Пирамиданың элементтерін атаңдар.
-
Пирамиданың диагональдық қимасы қалай өтеді?
-
Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданыны айтамыз?
-
Пирамидадан қиық пирамиданы қалай алуға болады?
«Дұрыс көпжақтар» тақырыбына арналған сұрақтар:
-
Қанжай көпжақ «дұрыс көпжақ» деп аталады?
-
Дұрыс көпжақтың түрлерін атаңдар.
Енді үй жүмысын тексерейік. Ол үшін «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайық.
- «Сәйкестендіру» жұмысы орындалып болған соң тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр оқушы өз жұмысын тексереді. Дұрыс не қате екенін қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарды көтеру арқылы анықтаймыз.
Әр оқушы өзін бағалайды.
|