Сабақтың тақырыбы: В в әрпі мен дыбысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды В в әрпімен, жаңа буындармен, жаңа сөздермен, таныстыру.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, есте сақтау, еркін, жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Таза жазуға уйрету.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, үлестірмелі қағаздар, мазмұнды суреттер,
плакаттар, қоржын, себетке жемістер жинау.
Типі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндірмелі сұрақ-жауап әдісі.
Пәнаралық байланыс: математикаа
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Ұлт тірегі-білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,
Жас қырандар алау оттай жолында.
Математикалық фигуралармен топтарға бөлу. Сандықшаға салынған фигураларды таңдап алады. Оқушылар фигуралардың көмегімен үш топқа бөлінеді.
1. топ «Үшбұрыштар»
2. топ «Шаршылар»
3. топ «Тіктөртбұрыштар»
Ойын: «Себетке жеміс жинау»
Топтарға сұрақ: 1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөз неден құралады?
6. Сөйлем неден құралады?
7. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс?
8. Сөйлемнен не құралады?
Бағалау. Топтар сұраққа жауап берсе, өз себетіне бір құрмадан салады.
II Үй тапсырмасын сұрау. -Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?
1. Мектеп асханасы мәтінін оқу.
2. Хоккей мәтінінен түсінгенін айту.
3. Кітапхана таұырыбына сөйлем құрау.
4. Сөздерді буынға бөл(ас-ха-на, дә-рі-ха-на, кі-тап-ха-на.)
Әр тапсырманың соңында бағалау жүреді.
III. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Қосылса бір мен үштің арасы қандай әріп қарашы (в)
В әрпін 3 рет айту, баспа және жазба түрінде көрсету. В в дыбысына байланысты сөздер айту. Вагон, велосипед, вакзал. В дауыссыз дыбыс. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрау.
Оқулықпен жұмыс:
1. Дүкенде мәтінін оқу, түсіндіру.
2. Сұрақтарыма жауап алу.
Дәптермен жұмыс:
-Ал, балалар, В в дыбысымен, әрпімен таныстық, енді осыны дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс:
№1
В дыбысы бар сөзді тап.
1 валюта
2 машина
3 доп
|
|
№2
В дыбысы бар сөзді тап.
1 дәптер
2 қалам
3 велосипед
|
|
№3
В дыбысы бар сөзді тап.
1 куыршақ
2 вакзал
3 кітап
|
В в әрпін тақтаға, ауада, дәптерге жазу.
Сабақты бекіту:
Ойын. В дыбысы бар сөзді айтқанда қол шапалақтау.
Автобус, машина, трамвай, ұшақ, велосипед, тралейбус, вагон, вокзал, валюта.
Вагон сөзіне дыбыстық талдау жасау.
В- дауыссыз
А-дауысты
Г-дауыссыз
О-дауысты
Н-дауыссыз.
Сабақты қорыту: -Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
-В дыбысы мен әрпін білдік.
Бағалау: Топтар қанша жұлдыз жинаса сонша ұпай. Көп жұлдыз жинаған топ жеңімпаз.
Үй тапсырмасы: Дүкенде мәтінін оқу. В в дыбысын қатыстырып 3 сөйлем жаз.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы
№67 «Т.Тәжібаев» атындағы бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Каналиева Гулпаршин
Ашық сабақ
Тақырыбы:« В в әрпі мен дыбысы»
Сауат ашу
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |