ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың жоспарымен таныстыру:
Жаңа сабақ жоспары.
Қазақ қоғамының этникалық құрамы.
Қазақ хандығының құрылуы –ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.
Қазақ тұрмысының эстетикасы: киіз үй,әшекейлер,киім.
ХҮІ-ХҮІІғғ жазба мәдениетінің дамуы.(М.Х.Дулати және оның еңбегі «Тарих-и-Рашиди», Қадырғали Жалайри «Жамих-ат Тауарих» )
Халық ауыз әдебиеті.Ақындар мен жыраулар. (Асан Қайғы,Шалкиіз,Қазтуған,Доспанбет,Жиембет,Марқасқа,Ақтамберді,Бұқар жырау ж.т.б).Олардың мұраларының негізгі идеялары.Шешендік өнер.
Қазақ халқының ғылыми даналығы-астрономия (күнтізбе) ,метерология,медицина.
Әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, ырымдар.
Мейрамдар мен ойындар.
ХҮІ-ХҮІІғғ қазақ халқының материалдық мәдениеті(қалалық мәдениет,еңбек құралдары,қару-жарақ ,қолөнер)
Жоспар бойынша оқушыларға кітаптан және қосымша мәліметтерді беру арқылы түсіндіру.
ІІІ. Ой толғаныс
Кубизм (сұрақ - жауап) (оқушыларға кубик беріледі кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс)
1. (жасыл түс жағы) Қазақ мемлекеті қандай жағдайда қалыптасты?
2. (Қызыл түс жағы) Қазақтардың ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңдер.
3. (Көк түс жағы) Ақындар шығармашылығын сипаттаңдар.
4. (сары түс жағы) Қазақтың космологиялық көзқарасының негіздерін ашып көрсетіңдер.
5. ( қара түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың материалдық мәдениетін айтып беріңдер.
6. (қоңыр түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың рухани мәдениетін айтып беріңдер.
ІІІ. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру.
Сұрақ:
Студенттер сіздер күнделікті өмірде қолданып жүрген қаңдай салт-дәстүрлеріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.
Үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлеріміз «Бет ашар », «Жар-жар»,
«Той бастар»,ал сәби дүниеге келген соң «Бесікке салу», «Тұсау кесу» т.б
салт-дәстүріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.
IV. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.
Оқушы білуі керек:
Ежелгі көшпелілер тарихындағы мәдениеттің алатын орнын ,маңыздылығын білуі керек
Салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ,тілімізді ділімізді дәріптей білуі керек.
V. Материалды баяндау және бекіту
Бекіту сұрақтары:
VI. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу
ІХ. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру.
Үйге тапсырма: Дәстүрлі қазақ мәдениеті
.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |