Тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға сын есім туралы түсінік беру.Сұрақтарын ,ережесін меңгерту.
Дамытушылық: жаңа технологияларды пайдалана отырып,білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: ынтымақтаса жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,жұптық жұмыс,көрнекілік,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте,қима қағаздар,суреттер,оқулық
Сабақтың барысы: І.Шаттық шеңбері
Мақсатымыз -білім алу
Міндетіміз-еңбектену
Еңбектену арқылы беске қолды жеткізу.
ІІ Топтарға бөлу.
Қағазға оралған кәмпит арқылы топтарға бөлу.
Сынып ережесін қабылдау.
Үй тапсырмасын орындап келдік пе?
Жұптық жұмыспен бір-бірінің жұмысын тексеру.
399-жаттығу.Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құра
ІІІ.Етістік туралы не білеміз?
Топтық жұмыс.Әрбір топ бірлесе отырып постер дайындайды
Конвертке салынған қима қағаздарды 3 топқа үлестіру
1топқа: үлкен,ұзын,қоңыр,әдемі,жуас,жақсы
2топқа: кіші,қысқа,ақ,ащы,тегіс,жаман,жақсы
3 топқа қызыл,тар,ауыр,тәтті,сұр,қалың,ірі
Осы сөздерді әр топ топтастырады.
Бүгінгі сабақтан нені білуге тиіспіз.Оқушы жауабы тындалады.
IVЖұппен жұмыс
Сын есімнің ережесін меңгеру.Сын есімнің ережесін іштей оқып,жұптасып айту.
Сергіту сәті (3 минут)
VДеңгейлік тапсырмаларды орындау
Білу деңгейі 407-жаттығу(ауызша)Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?Ол сөздер нені білдіреді?
Түсіну деңгейі 408-жаттығу Мақалды жатқа жаз.
Жақсы адам –елдің ырысы
Жақсы жер-жанның тынысы
Сын есімдерді тауып ,оның қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет.
Қима қағаз арқылы жұмыс
Жуас,қалың,тегіс сөздерін қатыстырып,сөйлемдер құра.
VІ.Шығармашылық жұмыс
411-жаттығу.Жоспар бойынша әңгіме құрастыру
Жоспары: 1.Әншімен кездесу..
2.Әншінің әңгімесі және әні
3.Әннің оқушыларға әсері
Жинақтау деңгейі
410-жаттығу
Бағандағы сөйлемдерді салыстыр.Сын есімнің не үшін қажет екенін дәлелде.
VII.Қорытынды.
Рөлдік ойын.(қима қағаз арқылы)Тілшілер мен оқушылар.Сұрақтарға жауап беру.1.Сөз таптары дегеніміз не?
2.Зат есім дегеніміз не?
3.Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
4.Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
5.Жалқы, жалпы есім дегеніміз не?
6.Етістік дегенміз не?
7.Дара ,күрделі етістік дегеніміз не?
Тапсырмалар
|
Игердім
|
игермедім
|
Сын есімнің ережесін
|
|
|
Сын есімнің сұрағын
|
|
|
Сөз ішінен сын есімді табуды
|
|
|
Сын есімнің басқа сөзбен байланысын табуды
|
|
|
VIII.Бағалау
Топ басшылары топ оқушыларын бағалайды.
Үйге тапсырма: 412-жаттығу.
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.
Тақырыбы: Сын есім.
Өткізген : 2-сынып жетекшісі Адманова А.Е
2014-2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |