Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға
тіршілік қабығы биосфера туралы,оның
шекаралары туралы білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу,
ойлау ,есте сақтау шеберліктерін қалып-
тастырып пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
3.Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған
ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға ,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,үлестірмелі
қағаздар,суреттер.
Пәнаралық байланыс: Экология,Биология
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V Қорытынды
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Түгендеу,белгілеу
3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
деңгейлік тапсырма.Ауызша сабақ сұрау
деңгейлік тапсырма.Семантикалық карта
деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қолдану.
III.Жаңа сабақ
Жоспар
Биосфера дегеніміз не? Биосфераның шекаралары.
Ағзалардың өзара байланысы? Биоценоз.
Биосфера
Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |