Сабақтың мақсаты білімділік: студенттерге ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс



бет10/13
Дата11.01.2022
өлшемі41,97 Kb.
#110761
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
«Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Стомаларды күту.

Отадан кейінгі күтім. Стоманы отдан кейін егу – емдеу бөлмесінің мейірбикелері не стоматерапевтер бақылайды.Стоманы тұрақты бақылап,оның түсі бағаланады.Ішек түсінің қызылдығы, оның өмір сүру қабілетін білдіреді,ал қан айналымы бұзылған ішек қоңыр түсті.Стома мен тері тігісінің бүтіндігі бақыланады.
Отадан кейін бірден стома арқылы алғашқы 24 – 28 сағатта кілегей бөлінеді.Ішек жұмысы қалыпқа келуіне байланысты стома арқылы ішектен жел бөліне бастайды.Стоманың барлық түрінде де ішектен шығатын бөлінділер алдында сұйық болады.Стома орналасқан орнына байланысты бөлінділер сипаты өзгереді.Су алмасуы бұзылуы,тері тітіркенуі белгілері пайда болуы мүмкін.
Стома күтімінің маңызды бір бөлігі – теріні қорғау.Стома айналасы терісі ішек бөлінділері әсерінен тітіркенуі мүмкін."КонваТек" фирмасы – стома(илео-,коло- және уростомалар) салынған ауруларға бұйымдар жасаудың көшбасшысы – лидері,жабысқақ пластиналар – теріні тітіркендірмейтін компоненттерден жасалған. Пластина науқас терісінде 7 күнге дейін тұра алады,салғанда жеңіл жазылады,қыртыстанбайды,екінші тері сияқты.Осы пластинаға сенімді түрде жинайтын қап бекітіледі,бөлінділер жан – жаққа ақпайды.Одан басқа колостома айналасындағы тері дәрілік заттармен тазартылады(дәрігер тағайындауы бойынша).Олар тек қана теріні нәжіс тиюінен сақтап қана қоймайды,сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді.Мысалы,Стомагезив - паста("КонвоТек" фирмасы) ол тек қосымша қорғау және емдеу құралы емес,сонымен қатар ол пластинаның денеге сенімді қосылуына ықпал етеді.
 Пациентті стома күтіміне үйрету. Стома күтімін орындай тұрып, пациенттің күтімді үйренуге әзірлігін бағалау қажет. Сөзбен де мимика арқылы да пациентке қазіргі жағдайына байланысты ынтымақтастық білдіру керек. Үйретуді жоспарлай отырып, адамның әр түрлі фундаментальды қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты, барлық мәселелерді алдын ала ойластыру керек:
өмір сүру натижесіндегі бөлінділерді қалыпты бөлуді;

жағдайға сәйкес тамақтануды;

күнделікті өмірде қауіпсіздікті сезіну, жанұя мен достарының қолдауын сезіну;

стоманы күту дағдыларын игеруде қолдауды сезіну;


стомаға психологиялық бейімделуі;


басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі болуы.



Пациентті нәжіс қабылдағышын қалай ауыстыратынына үйрету және стационардан шығар алдында жазбаша нұсқау беру. Үйретуге әдетте үш-төрт сабақ қажет болады. Бірінші сабақ барысында пациент шара сатыларын мейірбике орындауында бақылайды. Ол стома қол тигізгенді «сезбейтінін» айтады және қызыл түс оның жағдайынынң жақсы екенін білдіреді. Пациентті қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс (егер сұрақтар медициналық мейірбике білімі шеңберінде болса). Екінші сабақта пациент нәжіс қабылдағышты әзірлеуге, теріні тазартып оны стома айналасы ортасына қоюға көмектеседі. Үшінші сабақта ол өз-өздігінен медициналық мейірбике бақылауымен нәжіс қабылдағышты ауыстырады. Кейбір пациенттерге тәжірибе көбірек қажет болуы мүмкін. Ондайда сабақ көбірек жоспарланады.
Пациентте стационардан шығар алдында қапшықшалар мен жабысқақ пластиналар қоры болуы тиіс. Ресей Федерациясы Үкіметінің 1994 жылғы 30-маусымдағы №890 бұйрығына сәйкес стомасы бар пациенттер нәжіс қабылдағыш пен пластиналарды ақысыз алуға құқылы. Мәскеуде денсаулық сақтау комитетінің бұйрығы бойынша стомасы бар пациенттерге реабилитациялық көмек бөлмесі ашылды. Сол сияқты стомалы аурулар Ассоциациясы жұмыс жасайды.
Үйрету пациентке өздігінен стоманы күтуге қажетті дағдыларды игеруге көмектесуі керек. Оқыту жоспарына кіретіндері:
қажетті жазбаша нұсқауларды құрастыру;

пациентте оған қол жетімді тездікпен стоманы күту дағдыларын дамыту және жаттықтыру;

пациентпен стоманы кутуге байланысты түсініксіз жағдайларды түсіндіру мақсатымен әңгімелер өткізу;

жанұя мүшелерімен жұмыс жасау, стомасы бар науқастар туыстарының күту жұмысына қатысуын әрдайым қолдау қажет (егер ол келіссе);

егер дәрігер тапсырса бөлінген нәжіс (зәр) көлемін бақылау. Оқыту нәтижелерін оқыту жоспары хаттамасына тіркеу керек.

Нәжіс қабылдағышты ауыстыру жиілігі пациент оның қандай түрін пайдаланып жүргеніне байланысты. Бір компонентті адгезивті нәжіс қабылдағышты ішіндегі бөлінділерге толуы ортасына жеткенде немесе пациент қапты алып журуде ыңғайсыздық пайда болса ауыстырылады. Қажеттігі болмаса нәжіс қабылдағышты жиі ауыстырмаған жөн, себебі тері тітіркенеді және зақымданады. Екі компонентті жабысатын пластинасы бар жүйе 3-4 күнге қалдырылады, ал жабылатын және дринажды қапшалар ыңғайлы мерзімге ауыстырылады.
Нәжіс қабылдағышты ванна бөлмесінде ауыстырған жөн, бірақ дәретханада да ауыстырып үйренген дұрыс, себебі дәретхана - ең осындай шараны үйден тыс орындауға ыңғайлы орын. Стоманы күтуге қажетті заттар бірге қақпағы жабылатын бір ыдыста сақтаған жөн және олардың пайдалануға дайын күйінде болғаны дұрыс. Нәжіс қабылдағышты ауыстыру үшін қажеттері:
жаңа нәжіс қабылдағыш (сәйкес түрі мен өлшемдері);

стома өлшемдері өзгергенін не өзгермегенін тексеру үшін өлшегіш (трафарет). Оны медициналық мейірбике береді;

пациент пайдаланатын қосымша материалдар (мысалы, «Стомагезив» пастасы эпилятор, фен, дезодорант және т.б.) қағаз сүлгі мен салфеткалар, жұмсақ ысқыш, сабын, қайшы, пластырьлар,

қағаз қап, пластикалы пакет не газета (пайдаланған нәжіс қабылдағышқа);

кішкене қайшылар (мүмкін болса домалақталған, екіншісі үшкірлі);

қосымша қысқыш (дренаждалатын нәжіс қабылдағыш үшін)



кішкене айна.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет