Трахеостоманың стационардағы күтімі.Трахеостома арқылы енген ауа әдеттегідей мұрын және жоғарғы тыныс жолдары арқылы өткендегідей жылытылмайтыны,ылғалданбайтыны,қоспаларынан тазартылмайтыны әрдайым есте болуы тиіс.Сондықтан трахеостомасы бар адам әр түрлі инфекцияны қабылдауға өте тиім,тыныс жолдарының инфекциялануының алдын алу тұрақты түрде орындалуы тиіс.Ол үшін қажеттілері:
ауаны ылғалдандырылатын,жылытатын сыртқы жағдайды пайдаланып,тыныс жолдарын ылғалдандырылған ауамен қамтамасыз ету қажет.Осылай сөлдің жабысқақтығы төмендетіледі;
ауыз қуысын күту қажет,себебі онда сілекей,кілегей жиналуы,еріндер жарылуы мүмкін.Сондықтан ауыздан,көмекейден еппен кілегейлерден тазарту,еріндерді,тілді,ауыз қуысын қарау, ауызды физиологиялық ерітіндімен ылғалданған тампонмен тазалау керек;еріндерді ылғандандыратын кремдермен майлау қажет;
өкпені желдететін барлық жабдықтарды әр 24 сағат сайын ауыстыру керек;
түтікті күтетін кез келген жерге түсіп кеткен зат ауыстырылуы керек;
тыныс алу аспаптарында конденсация нәтижесінде пайда болған сұйықтық алынуы тиіс.(Оны ешқашан ылғалдағышқа құюға болмайды!).
жағдайға сәйкес тамақтанумен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |