Сабақтың тақырыбы: Латиф Хамиди өмірі мен шығармалары(1906-1983)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ профессионалды музыкасының негізін қалаушылардың бірі Л.Хамидидің өмірі мен шығармаларымен таныстыру;
Дамытыушылық: оқушыларды композитор шығармаларында ұлттық үнділігімен ерекше көзге түскен әндері туралы білімдерін дамыту, жетілдіру;
Тәрбиелілік: оқушыларды композитор шығармалары арқылы ұлттық мәдениеттілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: композитор суреті, өмірі, әндері туралы видео-слайд;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын қадағалау, жаңа сабаққа назарын аудару;
Үй тапсырмасын сұрау:
1.А.Жұбановтың оркестрге арналған шығармалары.
3. Актуалдау: Өткен сабағымызда қазақ музыка мәдениетінің қайраткері А.Жұбановтың шығармаларымен таныссақ, осы композитормен шығармашылық бірлестікте болған Л.Хамидидің өмірі мен шығармаларымен танысамыз.
4. Жаңа сабақ барысы:
Л.Хамиди 1906 жылы Қазан қаласына жақын орналасқан Бувари деревниясында кедейдің семьясында дүниеге келді. Әкесі Донбаста шахтер болды. Көшіп қонып, тұрмыс жағдайлары тұрақталмай жүргеніне қарамастан, баланың музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Мектеп қабырғасында жүргенде фортепиано және скрипкада ойнап үйрене бастады.
1920 жылы Хамиди отбасы Ташкентке көшіп келді. Осы жерде көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді. Мұнда Л.Хамиди қазақтың әндері мен күйлерін алғаш рет естіді. Ол өзінің тұңғыш шығармаларын «Алғашқы вальс», «Көңілді жастар» маршын жазды. Бұл щығармалар татар музыкасындағы вальс және марш жанры еді. Музыкалық білімін толықтыру үшін Ташкент музыка училищесінде оқиды.
1925 ж ансамбльмен бірге Қазақстанның қалалары мен ауылдарына гастрольдік саяхатқа аттанады. Мұнда қазақтардың өмірі, өнері және дәстүрімен танысады. Кейін Л.Хамиди өз естеліктерінде былай дейді: «сол бір тамаша сапарымда табиғатқа, адамға, қазақ музыкасына деген сүйіспеншілік пайда болды. Жеті жылдан кейін маған Қазақстанға баруға ұсыныс жасағанда, мен ойланбастан келісім бердім».
1935 ж Қазақстанға алғаш келген жылдары Семей қаласында болып, талай халық әндерін жазып алды. Бұл әндердің ішінде ең құнды болған Абайдың 18 әні. Бұл әндер «Абайдың музыкалық творчествосы» атты жинақта басылып шықты.
1936 ж Л.Хамиди Москва консерваториясының жанынан ашылған татар студиясына оқуға түсті. Студияны бітіргеннен кейін Алматыға оралды. А.Жұбанов пен бірігіп халық әндері мен күйлерін жазып алып, өңдеу жұмыстарын жүргізді.
1940 ж Л.Хамиди Қазақ хор капелласының дирижері және көркемдік жетекшісі болды. Ол хорға арнап талай әндерді өңдеді. «Сәулем-ай», «Жеңеше», «Жайдарман» т.б. Сонымен қатар өзінің әндерін де шығарды. Олар «Қазақстан», «Партия туралы ән» атты шығармалары болды. «Отан» әні халықтың сүйікті әніне айналды. Бұл әнді фортепианоның сүйемелдеуімен жеке дауыс және хор орындады.
К.Байсейітованың орындауындағы «Қазақ вальсі» халықтың сүйікті әніне айналды. Мұнда қазақтың халық әуенінің сарындылығы және вальсқа тән ырғақ қосылды. Бұл ән қазақ музыкасындағы алғашқы вальс болып табылады.
Кейінгі жылдары Л.Хамиди оннан астам валь-әндерін жазды. Бұлардың ішінде композитордың атын шығарған «Бұлбұл» әні еді. Кең тынысты, әуені еркін шырқалып, шебер орындаушылықты талап етеді.
Соғыс жылдары Л.Хамиди қаза болған батырлардың ерлігіне арнап, патриоттық әндер жазды. М.Маметованың бейнесін «Батыр қыз» әнінде көрсетеді.
Соғыс ерлерінің және жауынгер композиторлардың портреттерін «Нұркен», «Рамазан» деген әндерінде бейнеледі.
Әндер, романстар, хорлармен қатар Л.Хамиди шығармашылығының өркендеуі А.Жұбановпен бірлесіп жазған «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» операларымен байланысты. «Абай» операсын 1944 жылы аяқтады.
«Төлеген Тоқтаров» операсын Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырының бейнесі дәріптеледі.
50-70 жылдары Л.Хамиди жаңа сахналық шығармалармен жұмыс жасады. К.Бекхожиннің либреттосына «Жамбыл және Айкүміс» операсын, Н.Баймұхамедовтың либреттосына «Балбұлақ» операсын, Х.Ерғалиевтің либреттосына «Жамбыл» операсын жазды.
Л.Хамиди тамаша ұстазда болды, ол талай уақытын қоғамдық жұмыстарға бөлді. Л.Хамидиден Қазақстан музыканттарының бірнеше ұрпағы оқыды, олардың ішінде әйгілі өнер қайраткерлері бар.
Әндері: «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Алтын бидай», «Отан», «Қазақстан» және өңделген Абай әндері.
Е.Брусиловский мен М.Төлебаевпен бірлесіп Қазақ Республикасының Әнұранын жазды.
Атақтары: 1945 ж Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1950 ж консерватория доценті, 1965 ж Қазақ ССР-нің халық әртісі;
Шәкірттері:
«Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Сайраш» әндерін үнтаспадан тыңдау;
Л. Хамиди
Бекіту:
Өмір жолы
Алғашқы шығармалары
опералары
әндері
Өмірінің соңғы жылдары
Қорытынды: Л.Хамиди – түркі тілдес халықтар арасындағы мәдениет пен өнердің ұлт көпірін салғандардың бірі. Ол композиторлардың қаншама ұрпақтарының творчествосындағы және музыка мәдениетінде болған өзгерістердің куәсі болды.
Үйге тапсырма: Л.Хамиди өмірі мен шығармалары туралы мән жазба жазу;
Бағалау: оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |