Сабақтың мақсаты Білімділік



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#41677
түріСабақ
1   2

2-тәсіл.



КірістіруКестеКестені кірістіру (Вставка - Таблица – Вставить таблицу ) бұйрығын пайдалану. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.

3-тәсіл.



Сурет салуды жақсы көретіндер үшін, кестені жай қарындашпен салып, керек емес сызықтарды өшіргішпен (ластик) өшіруге де болады. Ол үшін, КірістіруКестеКестені салу (Вставка - Таблица – Нарисовать таблицу ) бұйрығын орындаймыз.



Кесте элементтерін ерекшелеу

  1. Жолды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін жолдың сол жақ шетінде тінтуірді бір рет басамыз.

  2. Бағанды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін бағанның жоғарғы шекарасында тінтуірді бір рет басамыз.

  3. Ұяшықты ерекшелеу үшін, ерекшеленетін ұяшықтың сол жақ төменгі бұрышында тінтуірді бір рет басамыз.


Түсіну сатысы
Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.

(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)


  1. Кесте мынадай элементтерден тұрады..... Жолдар, бағандар, ұяшықтар

  2. Ұяшық дегеніміз....... Баған мен жолдардың қиылысуы

3. Кестені даярлау үшін мына бұйрық қолданылады? КірістіруКестеКестені кірістіру

  1. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... Тab

  2. Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін... Shift+Tab пернесі қатар басылады.


Қолдану сатысы

Деңгейлік тапсырмалар

І. Міндетті деңгей (5 ұпай)
Бүгінгі күннің сабақ кестесін кесте түрінде енгіз. Реті, сабақтың аты.

(1-тәсіл. Жолдар мен бағандар санын бояу арқылы)


ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)

1.Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте құрыңдар.




Реті

Аты-жөні

Телефон

E-mail

Мекен-жайы


















ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)


  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы кесте құрыңыз.

  2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз




Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Кесте

Таблица

Table

Жол

Строка

Row

Баған

Столбец

Column

Ұяшық

Ячейка

Cell, box

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.

Практикалық жұмысты бағалау.


Жинақтау сатысы

Әркімнің компьютерінде тест орналасқан. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.


Тест сұрақтары

1.Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан ?

А. Жолақтың Кірістіру бөлімінде

В. Жолақтың Басты – Кестелер бөлімінде

С. Жанама мәзірде

Д. Office батырмасының мәзірінде


2.Экспресс-кесте бұйрығының қызметі?

А. Кестені тез құруға мүмкіндік береді

В. Кестенің артық элементтерін жояды

С. 10х10 мөлшерлі стандартты кестені қосады

Д. Кестелердің дайын шаблондарын қосады
3.Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?

А. Қажет ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы

В. Бос орын пернесімен

С. Ғ1-Ғ12 пернелерімен

Д. Меңзерді басқару пернелерімен
4.Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені бас керек?

А. Shift

В. Tab

С. Ins


Д. Break
5.Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?

А. Shift + Ins

В. Shift + Break

С. Shift + Tab



Д. Tab
Сабақтың қорытындысы

Бағалау :

Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.



ҮІІ. Үйге тапсырма: 22-тақырып. Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл.түрде)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет