Сабақтың мақсаты Білімділік



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#41677
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Мәтіндік процессорда кестелерді құру тәсілдерін, кесте элементтерін таныстыру, кестеге мәтіндерді орналастыруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: Алған білімдерін тиянақтай білуге, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, үлестірме парақшалары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин

  3. Жаңа сабақ 15 мин

Білімділік сатысы.

  1. Түсіну сатысы 5 мин (ақпараттық диктант)

  2. Қолдану сатысы 15 мин (деңгейлік тапсырмалар)

  3. Жинақтау сатысы 3 мин

  4. Бағалау 1 мин

  5. Үйге тапсырма 1 мин


Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

    1. Microsoft Word дегеніміз не?

    2. Мәтіндік процессор дегенді қалай түсінесіңдер?

    3. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіндер?

    4. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызық қалай аталады?

    5. Жаңа құжатты құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

    6. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?

    7. Мәтіндік процессорда тізімдердің неше түрі қолданылады? Атап шық.

    8. Құжатты қағазға басып шығару үшін қай команда қолданылады?

Тақырып жолы




Office батырмасы

Жолақ


Microsoft Word терезесінің элементтері

Горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары

Масштаб

Пішімдеу сызғышы



Қалып-куй жолы

Тренинг: «Сен қайдасың?»



  • Сәлем достым (қол беріп амандасу)

  • Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

  • Жақсы болды (қол шапалақтайды)



Сергіту минуты
Тұрады ол жолдар мен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған?



(Кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған да емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(жол)

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысуы,

Кестеде қай элементті құрайды?

(ұяшық)

Жаңа сабақ. Кестелер. Кестелерді құру.
Назар аударатынымыз


  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Кесте элементтері (жол, баған, ұяшық)

  3. Кесте құру тәсілдері

  4. Кестенің ішінде жылжу

  5. Кесте элементтерін ерекшелеу (жол, баған, ұяшық)

  6. Кестеге мәліметтерді енгізу

  7. Енгізілген мәліметтерді өңдеу.


Білімділік сатысы.
Оқушыларды 2 топқа бөлу:

Тапсырмалармен таныстыру. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу

Жолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты талдау.

Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру

а) Жаңа ұғымдар

ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру


1 топ:

Жолбастаушы парағы:


  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Кесте элементтері(жол, баған, ұяшық)

Кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін қолданылады. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Оларды кестенің элементтері деп атайды. Кестелермен жұмыс істеу үдерісі барысында жолдар мен бағандар оңай жойылады және қосылады, сондықтан кесте құру кезінде жолдар мен бағандардың дәл санын көрсету міндетті емес. Жолдар мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.


Баған






































Жол





















Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері – сілтемелер көмегімен жылжиды. Сонымен қатар ұяшықтан ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. Бұл Tab пернесі меңзерді кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқан кезде Tab пернесін басатын болсақ, онда кестеге жаңа жол қосылады.

Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесі қатар басылады.

2 топ:

Жолбастаушы парағы:


  1. Кесте құру тәсілдері

  2. Кесте элементтерін ерекшелеу (жол, баған, ұяшық)

Microsoft Word редакторында жаңа кесте құрудың 3 тәсілі бар.



1-тәсіл.

КірістіруКесте (Вставка - Таблица) батырмасын басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояйды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет