Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ операторының жалпы пішімі төмендегідей:
READ (A1, A2, …, AN);
READLN(A1, A2, …, AN);
READLN;
Мұндағы, A1, A2, …, AN – айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп атайды. Оператордың параметрлері біреуден көп болса, олардың арасын бос орын қалдыру арқылы енгізу керек.
READLN алдыңғы оператордағыдай пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Ешқандай параметрсіз енгізу операторы READLN ешбір мән енгізбейді, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады. Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, real, char немесе string типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылар мәндері енгізілмейді. Мысалы:
Var
I: real;
J: integer;
K: char;
Begin
Read (I, J, K);
…..
Егер осы программаны іске қосатын болсақ, келесі мәндерді пернетақтадан енгізсек болады:
214.25 59 ‘р’
Бүтін айнымалыға бүтін, нақты айнымалыға нақты мәндер берілуі қажет.
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады. Оның жазылу пішімі:
WRITE (A1, A2, …, AN);
Мұндағы жақша ішіндегі жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, экранға А-ны мәні = 13.26 дегенді шығару үшін келесідей команда жазамыз:
WRITE( ‘A-ның мәні=’ , A);
Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылады. Паскаль тілінде нақты сандарға шығару операторын қолданғанда оларды компьютер экспоненциалды түрде шығарып көрсетеді. Алдыңғы мысалда экранда келесідей жазу шығады:
A-ның мәні=1.326Е+01
Бұл деген 1.326 *101
Пайдаланушыға түсінікті болу үшін оны қалыпты түрге келтіруге болады.
WRITE( ‘A-ның мәні=’ , A:4:2);
А : 4 : 2 дегендегі 4- нәтижеге берілген барлық орын, 2 – үтірден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны.
Тақырыбы: Алгоритм типтері
Теорияға шолу
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалға, алдыңғы практикалық жұмыстағы екі санның қосындысын табу алгоритмі сызықтық алгоритмге жатады.
Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
Арифметикалық цикл Итерациялық цикл
Тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау. For циклдік операторы
Теорияға шолу
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR<айнымалы>:= to do <оператор>;
FOR<айнымалы>:= downto do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
FOR операторының блок-схемасы
Мысал: 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру.
(for операторын қолдану арқылы)
Program esep3_1;
Var{айнымалыларды сипаттау бөлімі}
N, S:Integer;{х,y – бүтін сандар }
BEGIN{программа басы}
S:=0;
For N:=1 to 100 do{ цикл 100 рет айналады}
Цикл денесі
S:=S + N;{ қосындыныесептеу}
Writeln(‘S=’, S);{ нәтиженіэкранғашығару }
End.{ программа соңы}
Программа нәтижесі:
S=__________.
Достарыңызбен бөлісу: |