Спитамен – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Грек – македондықтардың басқыншылығына қарсы күрес бүкіл Соғды және Бактрия жерлерін қамтыды. Көтерілістің басты орталығы ежелгі Самарқан қаласы болды. Ол көтерілісті Спитамен есімді ержүрек қолбасшы басқарды.
Спитамен – сақ қолбасшысы. Әкесі – соғдылық,Шешесі – сақ қызы. Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп,Афинаға құлдыққа жіберілді. Спитамен Афинада скиф жасағының құрамында тәрбиеленді. Спитамен б.з.б. 329 жылы халықты ұйымдастырып, ежелгі Самарқан қаласына кірді.
Спитамен өз елі мен жерінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен қолбасы еді. Ол бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырды. Жарты әлемді дірілдетіп, қарсы келгендерді аяусыздықпен жазалап, қатыгездігімен аты әйгілі болған, бүкіл әлемді жаулап алуды көксеген Александрға бірнеше рет тойтарыс берген соғдылықтар, бактриялықтар мен сақтар болды. Олардың үш жылдан астам уақытқа созылған ерлік күресі Александрдың әскерін қалжыратты. Оның жауынгерлері мен қолбасыларының арасында соғысты тезірек аяқтап, елге қайту туралы пікір көбейді. Ақыры бүкіл әлемді бағындырмақ болған Александр кері қайтуға мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |