Өзгекөзбенбірдей-ақболадыекен. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты өділетке жеңгізеді.
Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс үтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауғашеберлігітанылады.