ІІ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Сабақты бастамас бұрын мынадай бір өлең шумағын тыңдасақ.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді-тәуелсіздік алғалы.
-Балалар біз кеше ғана қандай мерекені тойладық?
-Енді алда қандай мереке келе жатыр?
-Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпақтары мына сендерсіңдер.
-Көк туымыз әрдайым биіктен көріну үшін,біз сабағымызды «өте жақсы» деген бағаға оқып, өз үлесімізді қосуымыз керек.
Олай болса сабағымызды бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |