Сабақтың мақсаты Біріккен сөз туралы түсінік беру; алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету



бет8/8
Дата20.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63422
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
в)Грамматикалық-тілдік жаттығу.

33-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Әр сөз неше түбірден құралған.

Ақ+қу,бұзау+бас,Ақ+марал,шаң+сорғыш,бал+мұздақ,егеу+құйрық,Жеті+қарақшы,шек+ара.


  • Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.Олар бірігіп жазылады: алабота,балқарағай.

Бұл-біріккен сөз,өйткені


г)Операциялық орындаушылық кезең.

34-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, біріккен сөздерді табу.

Кемпірқосақ

Күн күркіреп,себелеп,

Жаңбыр жауып,басылды.

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды.
ҮІ. Сергіту жаттығуы.

Тотықұсым шаршады,

Қанаттары жазылсын,

Керіліп,сілкіп арқаны,

Ұйқысы да ашылды,

Ұшып көкке самғады.

35-жаттығу .Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрау, олардың біріккен сөз екенін дәлелдеу.

Аққұтан,шекара,көкжиек.

36-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.

1.Аңдар:

2.Құстар:

3.Өсімдіктер:

4.Жер-су аттары:



ҮІІ.Шығармашылық тапсырма

Тест

1. … біріккен сөз деп аталады.

А) көп түбірлі сөз

В) екі түбірлі сөз

С) сөз тіркесі

2. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер… жазылады?

А)дефис арқылы

В)бірігіп

С) бөлек

3. Біріккен сөзбен аталатын құс аттарын табыңдар?

А) қараой

В) көкқұтан

С)ақ тауық

4. Біріккен сөзбен аталатын жер-су аттарын табыңдар?

А) Айнабұлақ

В) Түйеқұс

С) Қаламқас

5. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар?

А) Еспол

В) Ерітіс

С) Көкшетау
ҮІІІ.Үйге тапсырма: 37-жаттығу.«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына

әңгіме құрау.



ІХ. Оқушыларды бағалау.

Интерактивті тақтадан құстар әлемін тамашалатамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет