Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдарын сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру. Міндеті



Дата27.12.2016
өлшемі76,27 Kb.
#6247
түріСабақ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Мәмбетбаева Салтанат Идаятовна

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №207 Мерзiм__21.11.16__ Сыныбы:8

Тақырып:_Іздегенде табылатын қасыңнан...

Құндылық__ Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Сыйластық,әдептілік,шынайылық,адалдық,кешірімділік

Мұғалiм:Мамбетбаева Салтанат

Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдарын сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеті:

1.Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылар арасында достық сезімдерін дамытуға,адал дос бола білуге ықпал ету.

3.Достықты қадірлеуге,адамгершілікке,әдептілікке,шынайылыққа, адалдыққа

тәрбиелеу.


Ресурстар:

(музыка,оқулық,

дәптер,3топқа топтық тапсырма)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды түгендеу.

. «Т» ережесін еске түсіру.

1.Тыныштық 2.Тазалық 3.Тәртіп 4.Татулык 5.Талап

2.Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы

Нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Топпен ән айту

«Дос туралы жыр» Әні:С.Бәйтереков Сөзі:Т.Молдағалиев
1.Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар бала күнгі досыңнан.


Қайырмасы:

Жан досым,үстем болсын мерейін,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымызда бітпесін,

Жырымызда бітпесін.
2.Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар тұрып сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та,бірге жүрып жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.



Үй тапсырмасын тексеру:

«Екі дос» әңгімесін оқып келу,мазмұнын айту.

-аңыз әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

-екі достың іс-әрекеті туралы не айта аласыз?

- достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалайсыңдар?

-достар арасында қандай қасиеттер болғанда олар бір-біріне адал дос бола алады?

-сүйіспеншілік адал достыққа апара ма?



Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Достық негізі талғамның,көзқарастың толық үндесуінен туады.»

Цицерион





Әңгiмелеу: (Мұғалім сыйы) Келетініңді біліп едім!

Бір әскер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген, әскер: – Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді. Капитан “жынды болдың ба!” дегендей әскерге қарап: – Баруға тұрмайтын сияқты ғой! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге қоюшы болма! Әскер баруым керек деп тұрып алады да, капитан: – Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді. Әскер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соғысын тыңдайды да: – Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір өліп қалды, – дейді. – Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алаған әскер. – Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл әскер өлді, көріп тұрсың ба?! – Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы сөздерін қайталады: – “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет.”

Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға болады?

Достықта тек көз жеткізген нәрсеге ғана сену керек дегенді қаншалықты дұрыс деп ойлайсындар?

Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек дегенге келісеміз ба?





Кітаппен жұмыс:

1.Б.Момышұлының сөзі (маынасын ашу )

2.Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» өлеңін мәнерлеп оқу

3.Жағдаятты шешу






Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ Кемшіліксіз дос іздеген адам.. (доссыз қалады.)

2-топ Досы көпті... (жау алмайды. )

3-топ Адал достық,амал достық







Дәптермен жұмыс.

Төменде берілген үзіндіні оқыңдар.Ондағы түйінді ойды тауып жазыңдар.

* * *

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,



Сан мертебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды ешуақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.
Әл –Фараби

Қорытынды.



Бүгінгі сабақта достық жайлы біршама мәлімет алдық сонда да болса досты таңдарда сүрінбес үшін достықтың түрлерін атап өтіп бүгінгі сабақты қорытыңдылағым келіп отыр.Достықтың берік болуы ол бірінші кезекте өзімізге де байланысты екен.Кемшілікті бірінші өз бойымыздан іздеп,көре білейік
Достықтың түрлері

Бетпебет достық: Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс күн атып батқанға дейін көзін досынан алмайды.

Қашықтықтағы достық: теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстармен, кешкісін жұлдыздармен жеткізеді.

Үндемейтін достық: мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқандағы достығы. Барлық әңгіме осы қолдар арқылы айтылады.

Міндетті достық: Жексенбі мен Дүйсенбі күндері сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр… Сәйкес бола алмаса да бір-біріне, дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті…

Күндердің бірінде өлетін достық: орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тәрізді… Адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді де, ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын биік зәулім үйлер салынған кезде өлетін достық…

Күтімсіз достық” деген де болады… Әйтеуір аман ғой, әйтеуір доспыз ғой деп ұзақ жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық…


Үйге тапсырма:

Ел аузынан әңгімелерді оқу

Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім оқушылармен бірге төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық, бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бүкіл әлемде







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет