Сабақтың мақсаты: Әдістемелік нұсқау



бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#62152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Табыс септік. Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Табыс септігі қимылдық ұғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керек деген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сұрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады. Демек, сүрту керек деген сөз тіркесі тақтаны деген сөздің табыс септікте тұруын қалайтыны ескертіледі. Табыс септігі ілік септігі сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де қолданылатыны ескеріліп, үнемі ашық түрде айтылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып әңгімеленеді. Мынадай табыс септігі ашық қолданылады. Кімдер? Кімдерді? деген сұрақтарға жауап беретін жалқы, жалпы есімдердің табыс септігі ашық қолданылады. Мысалы: Амантайды Асқар көп ойлады.
Тәуелдік жалғаулы сөздердің табыс септігінің қосымшалары ашық айтылады. Мысалы: Балалар уақыттарыңды дұрыс пайдаланыңдар! Табыс септігіндегі есімдіктердің қосымшалары түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Омар сені іздеп келіпті. Табыс септігіндегі сөз бен етістіктің арасына сөз салынып айтылса, қосымша түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Ол кітапты тез оқиды.
Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Мысалы: ол мектепте болды.
Шығыс септік. Шығыс септігі – септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді. Мысалы: Олар мәскеуден келді. Шығыс септігіндегі сөздердің мағынасы мен сөйлемдегі қызметі төмендегі мысалдар арқылы түсіндіріледі:
Ғарышкерлер Байқоңырдан (қайдан?) ұшырылады.
Еңбек сабағында пластилиннен (неден?) ат жасадық.
Асқарды алыстан жүрісінен (несінен?) таныдым.
асқардан (кімнен?) Омар жақсы оқйды.
Бірінші сөйлемдегі Байқоңырдан деген шығыс жалғаулы сөз қайдан? деген сұраққа жауап беріп, шыққан орынды білдіріп, екінші сөйлемдегі пластилиннен деген сөз неден? деген сұраққа жауап беріп, заттың неден істелггенін білдіріп, сөйлемде толықтауыш болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет